Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік кодекісінің" 142-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына 31-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" №281 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда №32987 болып тіркелді), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №299 бұйрығына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері" осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат иниституты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Созақ ауданы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Мамановқа жүктелсін.
| Созақ ауданының әкімі | М.С.Тұрысбеков |
| Созақ ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "____"_______ №_____қаулысына қосымша |
Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ;
2. Жартылай стационар жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ;
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1. | Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 57917,47 т |
2. | Жартылай стационар жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 482650,16 т |