Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 178 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 276 шешiмi

      Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 178 шешiмiне (Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 31 наурызда № 6672-13 болып тiркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 8 тармағының:

      2) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы"ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      4) тармақшасының бірінші абзацы алып тасталсын:

      8) тармақшасы алып тасталсын:

      11) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) 25 қазан- Республика күні:

      Осы Қағиданың 8-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бала кезінен он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 9 тармағының:

      1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген азаматтарға (отбасыларға), әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, бір рет - 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; ".

      3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;".

      4) тармақшасы алып тасталсын:

      5) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) Қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек: үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын:

      мынадай мазмұндағы 9 тармақтың 9) тармақшамен толықтырылсын;

      "9) Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы орган айқындайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады