Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2026 жылғы "20" мамырдағы №1 шешімі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №4 кезектен тыс отырысы хаттамасы негізінде, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, халықтың 100-ден астам, бірақ 500 адамнан аспайтын бөлігінің тіршілік ету жағдайларының бұзылуына байланысты, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Елтай тұрғын алабында қалыптасқан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Марлан Халдиханұлы Жолдахмет тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың басшысы болып Шымкент қаласы Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Торегали Тулебекұлы Үркімбаев тағайындалсын.
4. Шымкент қаласының әкімі бекіткен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары қолданысқа енгізілсін.
5. "Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешімнің Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
2) Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі | Д. Есілбек |