Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 86 қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Түркістан облысы әкімі аппаратының регламенті" деген қосымшасында:
келесі редакциядағы 21-1-тармақпен толықтырсын:
"21-1. Салалық бөлімдер кәсіби мерекелер, оларға қатысты іс-шаралардың өтуі туралы ақпаратты Аппарат басшысына 5 (бес күн) бұрын хабарлайды, тиісті материалдарды әзірлейді.
Облыс әкімдігінің басшылығы кәсіби мерекеге қатысатын жағдайда, салалық бөлімдер басшылықтың қатысуын ұйымдастырады және іс шараны өткізуіне байланысты өзге де тиісті жұмыстарды жүзеге асырады.";
48-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"48. Бөлім басшылары Үкімет мәжілісіне дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен, ал облыс әкімінің орынбасарлары облыс әкімімен келісуі тиіс және келісілген материалдарды Жиынтық бөліміне беруге міндетті.".
2. "Түркістан облысының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |