Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 178 "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 18 ақпандағы № 51 қаулысы

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 178 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже" деген қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппараттының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
"___" ______________
№ ___ қаулысына
қосымша

"Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтіні

      "Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.";

      15-тармақ келесі мазмұндағы 1-1), 1-2), 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      1-2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасайды;";

      "2-1) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлейді және орналастырады;";

      21-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "21. Басқармаға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басқарма басшысы басшылық жасайды.";

      23, 24-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады