2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 30 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Облыс әкімі Н. Көшеров

  Түркістан облысы әкімдігінің
2026 жылғы "___" __________
№ ___ қаулысына қосымша

2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну тарифтері

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)

1.

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (экология)

216 793

2.

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл)

267 909

3.

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл, экология)

248 912

4.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету (қала)

209 998

5.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл, экология)

638 303

6.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде мүгедек балалар үшін оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл, экология)

336 688

7.

Мүгедектігі бар балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауыл)

656 254

8.

Мүгедектігі бар балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (экология)

431 056

9.

Ментальдық бұзылыстары бар мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (экология)

216 978

10.

Адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

134 333

11.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

134 333


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады