Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 133 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже" деген қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
2. "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
| Түркістан облысы әкімдігінің 20__ жылғы "____"__________ № _____ қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілетін толықтырулар мәтіні
1. "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
16-тармақ келесі редакциядағы 1-1), 21-1), 21-2), 21-3), 21-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
"21-1) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
21-2) тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
21-3) шығу туризмі саласындағы туроператордың "Туристік міндетті сақтандыру туралы" Заңында белгіленген туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21-4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;".