Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 13 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5253-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Нсанбаев |
| Индер ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "04" наурыздағы № 38 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің) басшысы;
мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, бухгалтер.
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі басшының орынбасарынан басқа);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшылары (директорлары);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапхана меңгерушісі (басшысы);
мамандар: аккомпаниатор, концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, кинооператор, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші, ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал үйретуші, хореограф, барлық атаудағы суретшілер, қор сақтаушы, бухгалтер.
