Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілерт болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 77 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е. Иғали

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "23" сәуірдегі
№ 77 қаулысына қосымша

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа);

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: қор сақтаушы, суретші;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын сектор басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

      аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтері;

      музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, палеограф, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод;

      археограф, архивист, суретші-реставратор;

      бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер.

      2. Спорт мамандарының лауазымдары

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер және орынбасары, бас бухгалтері;

      аға жаттықтырушы;

      барлық мамандықтағы дәрігер;

      (мамандандырылған) медициналық бике/аға;

      әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы;

      нұсқаушы-спортшы, (нұсқаушы-спортшыдан басқа);

      спорттық құрылыс меңгерушісі;

      бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, экономист;

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шарушылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады