"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 7 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 39-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      4. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;

      2) "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені мемлекеттік тіркеуді;

      3) "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі Б. Исманов

  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 19 қаңтардағы № 7
  қаулысымен бекітілген

"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. а "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ -нің ведомстволары бар: "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отбасын қолдау орталығы), "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы).

      3. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде болуға құқығы бар.

      7. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауданы, Институт көшесі, 1.

      10. аОсы Ереже "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не кәсіпкерлік субъектілермен оның қызметтері болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндетері:

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге деген көзқарасына және еңбек бостандығы құқығын іске асырудың кез келген өзге мән-жайларына және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;

      үздіксіз біліктілік пен кәсіби деңгейді арттыру;

      бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру;

      заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік қызмет көрсету саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      коммуналдық мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Қызметтері:

      1) заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру;

      2) ахалықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

      3) ақолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттік қаражаттарға қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және республикалық және жергілікті бюджет есебінен өзге де әлеуметтік көмекті көрсету;

      6) еңбек нарығын талдау және болжау, аудандағы еңбек нарығының жағдайы туралы халықты және жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру;

      7) қызметкерлерді жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;

      8) аудандардағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органын хабардар ету;

      9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      10) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;

      11) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

      12) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданда жұмыс орындарын құруды қолдау;

      13) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша семинар өткізу, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      14) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

      15) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында Еңбек ұтқырлығы орталығымен (Мансап орталығы филиалымен) өзара іс-қимыл жасау;

      16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, олардың қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;

      17) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу;

      18) халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдарға қайырымдылық көмек көрсетуде әлеуметтік көмек көрсету және үйлестіру;

      19) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

      20) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

      21) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерімен, есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;

      23) Отбасын қолдау орталығының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру;

      24) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру;

      25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және консультация беру;

      26) "Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру", әлеуметтік жобасының іске асырылуын бақылау;

      27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің басшылығын "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.

      18. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының орынбасары бар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. а"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің бірінші басшысының өкілеттігі:

      "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ орынбасарының, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      заңнамаға сәйкес "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорына шаралар қолданады көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      өз құзыреті шегінде коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері, "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады;

      әкімшісі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын растайды;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ білдіреді;

      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізеді;

      коммуналдық мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды, ол үшін дербес жауапкершілік белгіленеді;

      өз өкілеттіктеріне сәйкес басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.

      20. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін айқындайды.

4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. а"Қызылжжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-нің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      мүлік оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.

      22. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгелер қарастырылмаса, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оларға басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қарауындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Заңды Тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1.

  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 19 қаңтардағы № 7
  қаулысымен бекітілген

"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге кешенді тәсілде жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

      3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қызылжар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № ____ қаулысымен құрылды.

      4. Орталықтың құрылтайшысы Қызылжар ауданының әкімдігі (бұдан әрі - Құрылтайшы) болып табылады.

      5. Орталыққа қатысты уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті орган, "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады. БСН 980440002280.

      6. Орталықтың толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение “Центр оказания специальных социальных услуг” коммунального государственного учреждения “Кызылжарский районный отдел занятости и социальных программ”.

      Орталықтың орналасқан жері: индекс 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі,1.

2. Орталықтың заңды мәртебесі

      7. Орталық аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

      8. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.

      9. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      10. Орталық өз міндеттемелері бойынша өзінің қарамағындағы қаржы қаражатымен жауап береді. Орталықта қаржы қаражаты жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

      11. Орталық жасасатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Орталық қызметінің мәні: өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.

      Әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес ұсынылады.

      13. Орталық жалғызбасты қарттарға, еңбекке жарамсыз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында құрылған.

      14. Мақсатқа жету үшін Орталық келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) тұрғылықты жері бойынша үйде күтім жасау жағдайында, тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін азаматтардың мынадай санаттарына (бұдан әрі - қызмет алушылар) көрсету:

      - психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға;

      - тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;

      - психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;

      - екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      - жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;

      3) халық арасында арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке талдау жүргізу.

      4) зейнеткерлік жастағы адамдардың дене және психикалық денсаулығының ұзақтығын ұлғайту үшін белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтенуі;

      5) Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

      6) мүгедектігі бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру және жіберу;

      7) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;

      8) халықтың осал топтарына көмек көрсету мәселелері бойынша түрлі қайырымдылық қорларымен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      9) барлық меншік нысанының басшыларына жалғыз тұратын мұқтаж қарт адамдарды бекітудің 4 деңгейлі бағдарламасы шеңберінде қайырымдылық көмек көрсету мониторингін жүзеге асыру, жалпы қайырымдылық;

      10) адам саудасы құрбандарына көмек көрсету;

      11) мүгедектігі бар адамдарды ауданның әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарына және кері тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді ұсыну (медициналық, құқықтық, экономикалық, психологиялық, еңбек, педагогикалық, тұрмыстық, мәдени және демалыс сипаттағы мәселелер бойынша).

      15. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша қызмет көрсетуге қабылданады және қызмет көрсетуден алынады.

      16. Орталықтың Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруына, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауына жол берілмейді.

      17. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі бір шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылады.

4. Орталықты Басқару

      18. Орталықты жалпы басқаруды Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      19. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1) Орталықты қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;

      2) Орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін, орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

      4) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      5) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      6) Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

      7) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      20. Орталықтың басшысы директор болып табылады. Директорды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Директор орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.

      22. Директор біржолғы болу қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын оның құзыретіне сәйкес орталық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

      23. Директордың орталықтың жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

      24. Қызметті жүзеге асыру кезінде Директор:

      1) сенімхатсыз орталықтың атынан әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Орталықтың мүдделерін білдіреді;

      3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

      4) сенімхат береді;

      5) қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында қызметкерлерді іссапарлар, тағылымдамалар оқыту жөніндегі орталықтың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, Орталық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      10) Орталықтың ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді;

      11) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталықтың мүлкін құру тәртібі

      25. Орталықтың жедел басқару құқығында Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке жататын оқшауланған мүлкі бар.

      26. Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі:

      1) оған құрылтайшы берген мүлік;

      2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден;

      27. Орталықтың өзіне бекітілген мүлікті, оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      28. Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, орталықтың қызметін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

      29. Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.

      30. Орталықтың Қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және қайта тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртәбі

      31. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      32. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының келісімі бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.

      33. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

      35. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады