ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары, казино орналасқан жерлер, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызға арттырсын.
2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы | Л. Топорова |
