Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.04.2026 № 40-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7599-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік көмек жеке тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей мұқтаж азаматардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) азаматтарға (отбасыларға), дүлей апат салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың жылжымайтын мүлкіне залал келгені бойынша жағдай туындаған сәттен бастап, өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
2) азаматтарға (отбасыларға), өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) немесе олардың жылжымайтын мүлкіне залал келгені бойынша жағдай туындаған сәттен бастап, өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған инфекцияны жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
4) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға ай сайын – 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жылына 1 (бір) рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жылына 1 (бір) рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақтың 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық және тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуді қажет етпейді.";
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"11. Әлеуметтік көмек жеке тұлғаның (отбасының) табысына қарамастан, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына жылына бір рет көрсетіледі:
1) "Қатерлі ісіктер, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауруынан, "Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы", "Жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда)" ауруынан зардап шегетін адамдарға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) "Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары)" ауруынан зардап шегетін адамдарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) "Орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары, "Нерв жүйесінің дегенаративті аурулары", "Ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде)", "Эпилепсия" ауруынан зардап шегетін адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) "Орфандық аурулар" ауруынан зардап шегетін адамдарға – 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) егде жасына байланысты өзін-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақтың көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық және тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуді қажет етпейді.";
12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік көмек табысы ескерілмей жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және және Заңның 8-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген басқа да адамдарға, сондай-ақ 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды ілесіп жүретін адамдарға Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторлық-курорттық ем алуға, өтініш берушінің санаторлық-курорттық картаны, санаторлық-курорттық ұйымның шот-фактурасын ұсына отырып, санаторлық-курорттық емделудің құны мөлшерінде тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесінің ұсынымдарына сәйкес, ал мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүретін адамның санаторийде тұрғаны үшін төлемді растайтын құжатқа (шот-фактура немесе төлем туралы чек) сәйкес бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада, жылына 1 рет;
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және Заңның 8-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген басқа да адамдарға, осы санаттағы адамдардың растайтын құжат бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына 1 рет.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С. Баумағанбетов |
