Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 67-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, өтініші негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Полтавское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ӘЖ-10кВ электрмен жабдықтау желілерін салу және оларға қызмет көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Полтавка ауылдық округі, Полтавка ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,2002 гектар, оның ішінде бекітілген ауданы 0,1941 гектарды құрайды, бұдан басқа учаскеде бөгде жер пайдаланылатын жерлер бар: ауданы 0,0061 гектар 15-229-022-107, 15-229-063-073, 15-229-063-057, 15-229-063-070 - алаңды есептеу мүмкін емес, өйткені объектілер желілік болып табылады жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
Жер санаты: елді мекендердің жерлері.
Жер учаскесі бөлінбейтін болып табылады.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Полтавка ауылдық округінің әкімі | О. Семенюк |
