Объектілік ауқымдағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлар комиссиясының 2026 жылғы 20 наурыздағы кезектен тыс отырысының № 1 хаттамасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесі, 62 мекенжайында орналасқан №9 өрт сөндіру бөлімінің техникалық жағдайын тексерудің 2026 жылғы 12 наурыздағы №013-26 есебі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы №03-02/4018, Аққайың ауданы прокуратурасының 2026 жылғы 26 ақпандағы №2-1404-26-00086 хаттары негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Апатты жағдай пайда болу қауіпіне байланысты, Солтүстік облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесі, 62 мекенжайындағы Аққайың ауданының № 9 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына объектілік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Н.Е. Байзақ тағайындалсын.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерін эталондық бақылау енгізу үшін жолдауды;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі Ж. Құсайын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады