"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 120 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7-тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2026 жылғы "08" мамырдағы
  № 120 қаулысымен
  бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Петропавл қаласы, 2026 жыл

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Мекеме) Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Мекеменің осы ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты ұйымдары бар және өзінің иелігіндегі мекемелерді басқаруды жүзеге асырады.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда Мекеме мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Мекеменiң құрылымы және штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Мекеменiң орналасқан жерi: 150000 Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театр көшесi, 56А.

      10. Мекеменiң толық атауы:

      мемлекеттiк тiлде: "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение "Управление здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области".

      11. Осы ереже Мекеменiң құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мекеменiң қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Мекемеге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Мекеменiң өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, ондай қызметтен алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мекеменiң мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) азаматтардың денсаулық сақтау бойынша конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету:

      2) қоғамдық ұйымдармен азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік, нысаналы және кешенді бағдарламаларды іске асыру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      3) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық ынтымақтастықты дамыту.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      негізгі мақсаттарын іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Мекеменің өз құзыретінің шегінде мыналарға құқығы бар:

      облыс әкімдігі мен әкіміне қарауға азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына дәрілік көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте Мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрау және алу;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында Мекеменің мүддесін білдіру;

      өзінің құзыреті шегінде шарттар жасау;

      қарамағындағы ұйымдардың құрылымы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      қарамағындағы ұйымдарда байқау кеңестерін құру бойынша ұсыныстар енгізу, байқау кеңесінің мүшелеріне конкурстық іріктеу жүргізу, байқау кеңесі құрамын қалыптастыру және бекіту, олардың қызметін бағалауды жүзеге асыру;

      өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік-құқытық актілерді қабылдау;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасы заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын сақтау;

      Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, мәслихатының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету, Мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.

      16. Функциялары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмекке, дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналаға қауіп төндіретін аурулардың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру;

      5) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-ұстауды бақылауды жүзеге асыру;

      6) бөлінген бюджеттік қаражат шегінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторингті жүзеге асыру;

      7) денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларын жүзеге асыру;

      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асыру;

      9) мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз ету үшін медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету аясында уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен профилактикалық препараттарды сатып алуды жүзеге асыру;

      11) тергеу оқшаулағыштарында және қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінде отырған адамдарға медициналық көмек ұйымдастыру, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналаға қауіп төндіретін аурулардың алдын алу және емдеу;

      12) ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды амбулаториялық жағдайда алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында дәріхана пункттері және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды қамтамасыз ету;

      13) ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіннің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру;

      14) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

      15) мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      16) медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру;

      17) ведомствоға бағынысты медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      18) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруды мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      19) жоғары және орта медициналық оқу орындарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік ұйымдардағы клиникалық базаларды беру;

      20) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      21) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және біліктілік арттыру бойынша қызметті ұйымдастыра және үйлестіре отыра, өңірді медицина кадрларымен қамтамасыз ету;

      22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медицина ұйымдарының күтіп-ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      23) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;

      24) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

      25) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      26) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асыру;

      27) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

      28) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекеше әріптестік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      30) ведомствоға бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының аттестациясын өткізу;

      31) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерлерін, оларға сыйлық ақы беру және өзге сыйақы беру жүйесін белгілеу;

      32) әскери қызмет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комисся құру және олардың қызметін қамтамасыз ету;

      33) жергілікті мемлекеттік басқару органының мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Мекеменi басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Мекеменiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Мекеменiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Мекеменiң бiрiншi басшысының өкiлеттiктері:

      Мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшін дербес жауапкершiлiк тартады.

      мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      Мекеме қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапкершiлiк тартады;

      гендерлік саясат мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағытта дербес жауапкершілік тартады;

      Мекеменің құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыт бередi, олардың өзара іс-қимылын үйлестiредi;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерiн, сондай-ақ Мекеменің қарамағындағы медицина ұйымдарының басшылары мен орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      облыс әкiмдiгiне Мекеме туралы ереженi, оның құрылымы мен штат санының лимитiн бекiтуге ұсынады, еңбекақы қорын үнемдеу шегiнде мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық көтермелеу (сыйлықақы), қосымша ақы белгiлейдi;

      Мекеме құзыретiнiң шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;

      iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне штат кестесiн бекiтуге ұсынады;

      Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiмен нормативтiк құқықтық актiлердiң және өзге де құжаттардың жобаларын келiседі және қарауға ұсынады;

      қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерiн және Мекеме қарамағындағы медицина ұйымдарының басшыларын көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

      Мекеменiң шығыстар сметасын бекiтедi, бюджетте қарастырылған қаражатқа иелік етедi;

      Мекеменiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы үлгiлік ережелердi, әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жинағын және лауазымдық нұсқаулықтарды бекiтедi;

      жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Мекеме қызметкерлерiн және Мекеме қарамағындағы медицина ұйымдарының басшылары мен орынбасарларын iссапарларға жiбередi, сонымен қатар Мекеменiң барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

      Мекеменiң мемлекеттiк қызметшiлерін оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіреді;

      мемлекеттік органдарда, өзге мекемелерде Мекеменің мүддесін білдіру құқығына сенімхаттар береді;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, осы ережеге сәйкес оған жүктелген функцияларды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      21. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Бiрiншi басшы өзі болмаған кезде қол қою құқығын бере отырып, орынбасарға міндеттерді жүктеу туралы бұйрық шығарады.

4. Мекеменiң мүлкi

      23. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Мекеменiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      24. Мекеме мүлкi оған Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен құны Мекеменің балансында көрсетілетін айналым қаражатынан тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Таратылғаннан кейiн Мекеменiң мүлкiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Мекеменiң ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Мекемеде филиалдар мен өкiлдiктер жоқ.

  Қосымша

Мекеменің қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi

      Мемлекеттік мекемелер


Заңды тұлғаның атауы

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Сәбилер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Мемлекеттік кәсіпорындар


Заңды тұлғаның атауы

1

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Көп бейінді облыстық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

2

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

3

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық стоматологиялық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

4

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

5

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жедел медициналық көмек орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

6

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

7

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі облыстық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

8

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

9

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 1 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

10

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

11

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№3 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

12

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бірінші қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

13

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Көп бейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

14

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

15

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

16

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

17

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

18

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

19

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Явленка аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

20

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

21

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

22

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

23

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

24

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

25

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

26

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

27

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады