"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына және Алматы қаласы мәслихатының "Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 7 тамыздағы №228 "Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Алматы қаласының Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары жаңадан құрылған "Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілсін.
3. "Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемені мемлекеттік тіркеуді, құрылтай құжаттарын сәйкестендіруді және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды орындауды қамтамасыз етсін.
5. Алматы қаласының экономика және қаржы басқармасы осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институтына" ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |
| Алматы қаласы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "____"__________ №____ | |
| қаулысына қосымша |
"Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы қаласының аумағында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, Басқарма мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Басқарма басшысының заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілермен шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 25/18.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып саналады.
10. Басқарманың атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление по защите прав детей города Алматы".
11. Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
12. Басқарманың өз өкілеттіктері болып саналатын міндеттерін орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кіріс әкелетін қызметпен айналысу құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіліктері
13. Басқарманың міндеттері:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру;
2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының, соның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерінің алдын алу және оларды ерте анықтау жөніндегі шараларды әзірлеу, іске асыру және үйлестіру, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және жергілікті деңгейде баланы қорғау жөнінде қажетті шараларды қабылдау;
3) балалардың дене бiтiмi, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
4) балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жетілдіру;
5) балалардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу.
14. Басқарманың өкілеттіктері:
құқықтары:
1) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
3) кәмелетке толмағандар орналастырылған мемлекеттік органдар мен білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің меншік нысанына қарамастан ұйымдарына кедергісіз бару;
4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, сондай-ақ басқа өңірлерден балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ Басқармаға жүктелген міндеттерді шешу үшін баланың құқықтарын қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат пен материалдарды сұрату;
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
6) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органдар мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестігін дамытуға жәрдемдесу;
7) өңірде шығармашылық бастамаларды қолдау саласында меценаттық пен қайырымдылық дәстүрлерін дамытуға жәрдемдесу;
8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының, сот отырыстарының жұмысына қатысу;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен жүгіну;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау;
2) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
3) белгіленген тәртіппен жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
4) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік және Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеу;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде асырап алуға, қабылдаушы отбасына беруге, оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат белгілеуге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронатта тұрған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық қабілетсіз немесе шектеулі қабілеті бар кәмелетке толған тұлғалардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді;
4) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және меншік нысанына қарамастан өзге де мекемелер мен ұйымдарда балалардың құқықтарының сақталуын бақылау және буллингтің алдын алу бойынша мониторинг ұйымдастыру және жүргізу;
5) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және ерте анықтау, құқықтарының бұзылуының алдын алу, сондай-ақ оларды қорғау бойынша шаралар қабылдауды үйлестіру және қамтамасыз ету;
6) кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу;
7) құқық қорғау, қадағалау органдарымен, соттармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
8) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы анықтаған тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласындағы балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
9) балаларға арналған жекеленген алдын алу шараларын ұйымдастыру және қолдану, уәкілетті органдар мен қызметтерді, соның ішінде Балалардың құқықтарын қорғау орталығын және Психологиялық қолдау орталығын тарту арқылы жүзеге асыру:
орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың психологтары мен әлеуметтік педагогтарының есебінде тұрған тәуекел тобына жататын балаларға, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік туралы хабарлаған, суицидтік ниеті бар, суицид жасауға әрекеттену фактілері анықталған, сондай-ақ ерекше назар мен педагогикалық қолдауды қажет ететін кәмелетке толмағандар;
балалардың құқықтарын қорғау орталығы мен Психологиялық қолдау орталығының сүйемелдеуінде тұрған балалар;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған; құқықтарының бұзылуына (оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік салдарынан) байланысты бұрын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында болған балалар;
мобильдік топтар анықтаған балалар;
отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған жағдайлардағы кәмелетке толмағандар; зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандар;
әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандар; кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) асырау жөніндегі міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналар, заңды өкілдер;
10) қорғаншылықта, патронатта және кәсіби отбасыларда тұрған балаларды жүйелі түрде аралап, олардың жағдайын бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында балалардың жағдайын бақылау және бағалау, кемінде әр алты ай сайын бір рет;
11) зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстық іс аясында баланы қолдау және сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру;
12) балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету;
13) жетім балаға (жетім балаларға) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық орнату туралы бұйрықтар шығару;
14) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың міндетті түрде жұмыспен қамтылуы мен тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне заңда белгіленген тәртіппен жәрдемдесу;
15) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен петицияларын қарастыру;
16) өңірдегі балалардың жағдайын жақсарту мақсатында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар өткізу;
17) балалық шақ, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін насихаттау;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау.
3-тарау. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты Басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
18. Басқарма басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, сондай-ақ Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
2) Басқарма басшысы орынбасарларының, Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
4) заңнамаға сәйкес, Басқарма қызметкерлерін және Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
6) Басқарманың құрылымын және Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
