Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 31-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін.
2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе немесе темір жол көлігі арқылы барып-келу құны толық мөлшерде екінші деңгейдегі банктердегі олардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:
1) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалінің немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі куәліктерінің көшірмесі;
3) жол ақысының құнын растайтын билеттер, отырғызу талоны;
4) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
4. Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
