2026 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 1/34 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтер бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "___" __________
  № ___ қаулысымен бекітілген

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге арналған тарифтер

Атауы

1 қызмет алушыға ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге)

1.

Психикалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

325 483

2.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

315 266

3.

I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету

255 947

4.

Он сегіз жастан асқан психикалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

259 104

5.

Қартаюына байланысты өзін-өзі күте алмайтын адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

255 947

6.

Он сегіз жастан асқан психикалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

454 657

7.

Адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

155 836

8.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

155 836


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады