Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес,Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкесУспен ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тарифтерін бекітілсін.
2. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Мақашев |
| Успен ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 14/2 қаулысына қосымша |
Успен ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тарифтері
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Атауы | Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) | Айына бір қызмет алушының тарифі (теңге) |
1. | Успен ауданының жұмыспен қамту және алеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде алеуметтік қызмет көрсету отралығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 2882,3 | 63411,37 |
