Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 1-01/29 қаулысы

      Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/78 "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 166617) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде (бұдан әрі -Ереже):

      Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қармағында ұйым бар: "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";

      24 -тармақтың 3) тармағы келесі редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2. "Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органына хабардар етсін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі Р. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады