Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 11 наурыздағы кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасы негізінде Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының және ауылдық елді мекендердің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады