БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2026 жылғы 17 ақпандағы № 60 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-жолымен толықтырылсын:
"
43 | "Алтай" ауылшаруашылық кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, Набережная көшесі 1/1 | Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, Набережная көшесі 1/1 |
".
2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант |
Ш. Әрінов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
