Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-пунктінің 226) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік инспектордың төсбелгісінің;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабанының;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік инспектордың пломбалауының үлгілері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Тұрсынбаев |
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 265 бұйрығына 1-қосымша |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі

Ескертпе.
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мұқабасы Үлгіге сәйкес көк түсті болады. Ашып көрсетілген түрінде қызметтік куәліктің өлшемі тігінен 65 миллиметрді және көлденеңінен 198 миллиметрді құрайды.
2. Қызметтік куәліктің беткі жағының ортасында ҚР СТ 989-2014 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" стандартына сәйкес орындалған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі және одан төмен баспаханалық қаріппен қазақ тілінде: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ" деген жазу орналасқан.
3. Қызметтік куәліктің ішкі бөлігінің сол және оң жағында ақ фонда күннің жасырын пішіні пайдаланылған көгілдір түсті қорғаныстық тангир бейнеленген.
4. Қызметтік куәліктің сол және оң жақтарының жоғарғы бөлігінде сәйкесінше "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ" және "МИНИСТЕРСТВО ПО ЧРЕЗВЫЧАЙНЫМ СИТУАЦИЯМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылады, олардың астында бір жол төмен мемлекеттік және орыс тілдерінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшесінің толық атауы орналасады.
Қызметтік куәліктің сол жағының ортасында қазақ тілінде қызыл түспен орындалған "№ 00-00 ҚЫЗМЕТТІК КУӘЛІК" деген жазу орналасқан, оның астында қара түспен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жақта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың өлшемі 3×4 сантиметр болатын түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналасады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор ақ фонда, бас киімсіз, іскерлік киім стилінде фотосуретке түседі. Фотосуреттің оң жағында "М.О." әріптері орналасады. Төменде қазақ тілінде "Мекеме басшысы" деген жазу және сызықшаның астында "аты-жөні" деген жазу орналасқан.
Қызметтік куәліктің оң жағының ортасында орыс тілінде қызыл түспен орындалған "СЛУЖЕБНОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00" деген жазу орналасқан, оның астында қара түспен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жақта ҚР СТ 989-2014 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" стандартына сәйкес орындалған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі және одан төмен баспаханалық қаріппен қазақ тілінде: "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.
Төменгі бөлігінде "Берілген күні" және "Күнге дейін жарамды" деп көрсетіледі.
Қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі 5 жыл. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін қызметтік куәлік ауыстырылуға жатады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктер берілген кезде куәліктің нөмірі ұсынылатын шифрлар есепке ала отырып қалыптастырылады, атап айтқанда № 00-00, мұндағы алғашқы екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шифры, кейінгі екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбылауды беру журналына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор куәлігінің реттік нөмірлері.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің шифрлары:
00 – ведомство (Комитет);
01 – Астана қаласы;
02 – Алматы қаласы;
03 – Шымкент қаласы;
04 – Абай облысы;
05 – Алматы облысы;
06 – Ақмола облысы;
07 – Ақтөбе облысы;
08 – Атырау облысы;
09 – Батыс Қазақстан облысы;
10 – Жамбыл облысы;
11 – Жетісу облысы;
12 – Қарағанды облысы;
13 – Қостанай облысы;
14 – Қызылорда облысы;
15 – Маңғыстау облысы;
16 – Павлодар облысы;
17 – Солтүстік Қазақстан облысы;
18 – Түркістан облысы;
19 – Ұлытау облысы;
20 – Шығыс Қазақстан облысы.
Куәлікте қызметкердің лауазымы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің немесе аумақтық бөлімшесінің құрылымына сәйкес көрсетіледі, сызықша арқылы "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың мәртебесі көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 265 бұйрығына 2-қосымша |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың төсбелгісінің үлгісі

Ескертпе.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың төсбелгісі сары түсті металдан (анодталған алюминий) дайындалады, биіктігі 75 миллиметр және ені 55 миллиметр болатын лотос пішінді болады.
Төсбелгінің жиектері сары түсті.
Орталық бөлігі көк түсті (1404) эмальмен құйылып орындалған.
Төсбелгінің беткі жағының ортасындағы бастырмада биіктігі 37 миллиметр болатын, периметрі сары түсті жолақпен көмкерілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің символы бейнеленген. Бастырма сары түсті металдан (анодталған алюминий) дайындалады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі символының бейнесіндегі эмальдардың түстері "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның туы мен символының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары мен білім беру ұйымдары туларының, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері жауынгерлік туларының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі символының сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 Жарлығына сәйкес орындалады.
Төменде сары түсті "ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ИНСПЕКТОРЫ" деген жазу – балға мен штангенциркульдің бейнесі орналасқан.
Төсбелгінің төменгі бөлігінде беті төмен қараған дөңгелек таспа пішінді сары түсті жолақ орналасқан, оның екі жағындағы ұштары таспаның ортасына қарай төбесі ішке бағытталған тең қабырғалы үшбұрыш пішінді болып кесілген, оған қара түсті эмальмен 00-00 реттік нөмірлері жазылған, мұндағы алғашқы екі "00" сандары – ведомствоның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шифры, кейінгі екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбылауды беру журналына сәйкес реттік нөмірі.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерлі, әріптер мен фон жылтыр болып келеді.
Төсбелгінің артқы жағында сомыны бар бұранда түріндегі бекіткіші бар.
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 265 бұйрығына 3-қосымша |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабанының үлгісі

Ескертпе.
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың оқиғаларды тіркеу функцияларын орындауға арналған қол құралы ретіндегі мөртабаны бояғышты қағаз жеткізгіштерге көшіру түрінде мөртабан иесінің – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қолын растау үшін қолданылады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың мөртабаны микролифтпен жабдықталған және үстіне мөртабан орналастырылған цилиндр пішінді автоматты жабдық болып табылады. Жиынтықта корпусты жиналған күйінде бұғаттайтын төменгі қақпағы болады.
Мөртабан цилиндрлік (кіші) сыйымдылықтың сыртқы жиегінің шетінен 2,5 миллиметрден аспайтын шығыңқы, төменде көрсетілген нөмірлік мөртабанның бедерленуі бар силикон кірістіруден жасалған.
Нөмірлік мөртабан бедерленуін бояғышпен (мастикамен) сулауға арналған штемпельдік "жастықша" мөртабан корпусының ішкі бөлігінде орналасқан.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабаны дөңгелек пішінді, диаметрі 40 миллиметр болады.
Шеңбердің контуры ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің аббревиатурасы көрсетіледі.
Штамп нөмірі 00-00, мұндағы:
алғашқы екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шифры;
кейінгі екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбылауды беру журналына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор куәлігінің реттік нөмірлері.
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 3 шілдедегі № 265 бұйрығына 4-қосымша |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбылауының үлгісі

Ескертпе.
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбылауы дөңгелек пішінді, диаметрі 10 миллиметр болады.
Пломбылаумен пломбыланған бұранкескіштің бір жағында мынадай бедерлеме (1-сурет) қалады:
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың аумақтық тиістілігін көрсету қажет болатын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің аббревиатуралық жазуы.
Сол пломбылаумен пломбыланған бұранкескіштің екінші жағында мынадай бедерлеме (2-сурет) қалады:
ведомствоның аббревиатуралық жазуы – "ҚР ТЖМ".
Пломбылаумен пломбыланған бұранкескіштің екі жағы да пломбада дөңес типті бедерлеме қалдырады.
2. № 00-00 белгілерінің көмегімен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың аумақтық және жеке тиістілігі анықталады.
00-00 пломбылау нөмірі, мұндағы алғашқы екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шифры, кейінгі екі "00" сандары – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбылауды беру журналына сәйкес реттік нөмірлері.
