"Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 15 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17011 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы басшының м.а.
Ә. Шауенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация

      Министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы басшының
м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 15 бұйрығына қосымша

Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 24) тармақшасына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме Заңда және ресми статистикалық ақпарат сапасының халықаралық стандарттарында белгіленген ресми статистиканың негізгі қағидаттарын ескере отырып әзірленген.

      3. Әдістеме ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау тәртібін белгілейді және оны бағалау кезінде мемлекеттік статистика органдары қолданатын өлшемшарттар мен индикаторларды айқындайды.

      4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ағымдардың айналы статистика бойынша ассиметриясы – елдер арасында кіріс және шығыс ағымдардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығы;

      2) деректер – өңдеуге жарамды, ресімделген түрдегі ақпарат;

      3) деректерді жинау – деректерді қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер;

      4) импутация – қалып кеткен, қате немесе басқа мәндермен мәні келмейтіндерді ауыстыру процесі;

      5) метадеректер – деректердің құрылымы мен сипаттамаларын сипаттайтын деректер;

      6) ресми статистикалық ақпараттың айқындығы – ресми статистикалық ақпаратты түсініктілігін, дұрыс түсіндірілуін және пайдаланушылардың пайдалану дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарты;

      7) ресми статистикалық ақпараттың бірегейлігі – деректердің қайталануын болдырмау дәрежесін және статистикалық жұмыстар жоспарының шеңберінде олардың даралығын, және біркелкілігін қамтамасыз ететін сапа өлшемшарты;

      8) ресми статистикалық ақпараттың дәлдігі – алынған деректердің өлшенетін көрсеткіштердің нақты мәндеріне сәйкестік дәрежесін, сондай-ақ зерттелетін құбылыстарды анық көрсету үшін қажетті олардың нақтылану деңгейін айқындайтын сапа өлшемшарты;

      9) ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі – ресми тарату арналары арқылы пайдаланушыларды ақпаратты еркін әрі тең дәрежеде, ыңғайлы форматта алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарты;

      10) ресми статистикалық ақпараттың өзара байланыстылығы – зерттелетін құбылыстардың тұтас және логикалық өзара байланысты көрінісін қамтамасыз ететін, байқаудың әртүрлі уақыт кезеңдері мен бағыттары бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған деректердің келісімділік және қайшылықсыздық дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарты;

      11) ресми статистикалық ақпараттың өзектілігі – деректердің белгілі бір уақыт сәтіндегі модельденетін саланың нақты жағдайына сәйкестігін, сондай-ақ олардың талдау мен шешім қабылдау үшін ақпаратты қалыптастырудың уақтылығын қамтамасыз ете отырып, пайдаланушылардың ағымдағы және әлеуетті қажеттіліктеріне сәйкестігін сипаттайтын сапа өлшемшарты;

      12) ресми статистикалық ақпарат сапасының өлшемшарттары – ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау және бақылау үшін пайдаланылатын деректер сапасының жалпы қабылданған өлшемшарттары, атап айтқанда дәлдік, толықтық, өзара байланыстылық, салыстырмалылық, өзектілік, бірегейлік, дәйектілік, уақтылылық, айқындылық және қолжетімділік;

      13) ресми статистикалық ақпараттың салыстырмалылығы – деректердің уақыт бойынша, өңірлер, қызмет түрлері және басқа да жіктеу белгілері бойынша өзара салыстырмалылық дәрежесін сипаттайтын, оларды келісілген талдау мен түсіндіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапа өлшемшарты;

      14) ресми статистикалық ақпараттың анықтығы – модельденетін саланы көрсететін деректердің сенімділігі мен дұрыстық дәрежесін сипаттайтын, зерттелетін құбылыстардың нақты қасиеттері мен заңдылығын көрсететін сапа өлшемшарты;

      15) ресми статистикалық ақпараттың толықтығы – зерттелетін құбылыстарды жан-жақты және анық көрсету үшін қажетті барлық байқау объектілерін, көрсеткіштерді, уақыт кезеңдерін және аумақтық бөліністерді қоса алғанда, статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген деректердің қамту дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарты;

      16) ресми статистикалық ақпараттың уақтылылығы – ресми статистикалық ақпараттың пайда болуы (жариялануы) мен ол сипаттайтын оқиға немесе құбылыс арасындағы уақыт аралығын, сондай-ақ ресми статистикалық ақпараттың жарияланған күнінен жоспарланған күніне дейінгі уақыттық кідіріс дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарты.

2-тарау. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау тәртібі

      5. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау Статистикалық жұмыстар жоспарына және ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын уәкілетті адам үш күнтізбелік жылға бекітетін ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау жөніндегі жоспар-кестеге (бұдан әрі – Жоспар-кесте) сәйкес жүргізіледі.

      6. Жоспар-кесте уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік статистика органдарының ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылады.

      7. Уәкілетті орган ведомствосы Жоспар-кестені 10 желтоқсанға дейін және оны осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      8. Жоспар-графикке өзгерістер уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ жалпымемлекеттік немесе ведомстволық статистикалық байқаудың күші жойылған, деректерді жинау, өңдеу немесе тарату әдіснамасына не процестеріне өзгерістер енгізілген жағдайларда енгізіледі.

      9. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау нәтижелері статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға ұсыну мақсатында ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру әдіснамасының сапаны бағалау өлшемшарттарына сәйкестігі дәрежесі туралы мәліметтерді қамтитын Сапа бойынша есепте көрсетіледі. Сапа бойынша есепті толтыру құрылымы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

      10. Уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелері "e-Статистика" интеграцияланған цифрлық жүйесінің "Метадеректер" компонентінде Сапа бойынша есепті қалыптастырады және оны уәкілетті орган ведомствосында ішкі келісу үшін электрондық құжат айналымы арқылы электрондық форматта жүктейді.

      Сапа бойынша есептерді уәкілетті орган ведомствосы басшысының деректер сапасы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.

      11. Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу қорытындылары бойынша ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік статистика органдары Сапа бойынша есептерді электрондық форматта қалыптастырады және оларды Жоспар-графикте белгіленген мерзімдерде уәкілетті орган ведомствосымен электрондық құжат айналымы арқылы келіседі.

      12. Бекітілгеннен кейін Сапа бойынша есептер бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсындағы тиісті статистика салалары бөлімдерінде орналастырылады.

3-тарау. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау өлшемшарттары

      13. Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау тікелей және жанама бағалау болып бөлінеді.

      Тікелей бағалау кезінде нәтижелер сандық мәндерге ие болады және шектеулі өлшемшарттар бойынша жүргізіледі (деректердің дәлдігі, салыстырмалылығы, анықтығы және уақтылылығы).

      Жанама бағалау кезінде ресми статистикалық ақпараттың сапа өлшемшарттарына ресми статистикалық ақпараттың сәйкестігі тұрғысынан оны сипаттайтын ақпарат ұсынылады.

1-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың бірегейлігі

      14. Ресми статистикалық ақпараттың бірегейлігін бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) деректердің қайталанбауын бағалау.

      Статистикалық жұмыстар жоспары шеңберінде пайдаланылатын статистикалық көрсеткіштер, нысандар мен дереккөздері бойынша ведомстволық, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен қалыптастырылатын әкімшілік және балама деректер арасындағы ақпараттың қайталануы мәніне талдау жүргізіледі.

      Көрсеткіштердің қиылысуы жағдайлары, бірдей респонденттерден бірдей деректерді қайталап жинау, сондай-ақ әртүрлі жүйелерде бірдей деректер жиындарының параллельді түрде болуы тіркеледі.

      Қайталауды жою үшін қабылданатын шаралар ұсынылады – жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқау нысандарын біріздендіру, әдіснамаларды келісу, жалпы идентификаторлар мен ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін пайдалану;

      2) дереккөздерінің біртектілігін бағалау.

      Ресми статистиканың түрлі субъектілері арасында деректерді жинау және өңдеудің біртекті тәсілдерін қамтамасыз ету анықталады.

      Ведомстволар арасындағы деректерді келісу және алмасу тетіктері (интеграцияланған сервистер, тізілімдер, ұлттық анықтамалық ақпараттың жалпы элементтері және метадеректер стандарттары арқылы) сипатталады.

      "Бір рет жинау – көп рет пайдалану" принципін қолдану туралы ақпарат келтіріледі.

      Бірдей ақпаратты қайта-қайта жинауды болдырмайтын, әкімшілік дереккөздер мен ұлттық статистикалық тіркелімдерді пайдалану деңгейі талданады.

2-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың дәлдігі

      15. Ресми статистикалық ақпараттың дәлдігін бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) деректердегі қателерді жалпы бағалау.

      Статистикалық процестің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын кездейсоқ және жүйелі қателерге талдау жүргізіледі. Қателердің негізгі көздері айқындалып, олардың негізгі көрсеткіштерге әсер ету дәрежесін көрсете отырып, сандық және (немесе) сапалық бағалау жүргізіледі. Жүйелі және кездейсоқ қателерді азайту үшін қабылданған шаралар құжатталады;

      2) іріктемелік және іріктемелік емес қателерді бағалау.

      Бас жиынтық параметрлері мен іріктеме бойынша алынған бағалаулар арасындағы айырмашылықтарды талдауды қоса алғанда іріктемелік қателерге бағалау жүргізіледі, Толық қамтылмау, байқау бірліктерін дұрыс жіктемеу, сондай-ақ деректерді өңдеу барысында туындайтын қателерге байланысты түзету әдістері көрсетіледі;

      3) қамту қателері.

      Бас жиынтық пен іріктемелі жиынтықтардың сәйкестік дәрежесі талданады, артық және толық емес қамту жағдайлары анықталады. Толық емес қамтуды азайту және деректердің объективтілігіне әсер ететін ықтимал ауытқуларды бағалау бойынша қабылданған шаралар сипатталады;

      4) өлшеу қателері.

      Деректерді жинау құралдарының сапасы, статистикалық нысандардың құрылымы мен тұжырымдары, интервьюерлерді даярлау және тестілеу рәсімдерін қоса алғанда, негізгі қателік көздеріне талдау жүргізіледі. Қажет болған жағдайда өлшеу қателерін анықтау және түзету үшін сыртқы дереккөздермен салыстыру немесе қайталама байқаулар жүргізіледі;

      5) жауаптарды алмау қателері.

      Жоқ жауаптардың ауқымы мен құрылымына талдау жүргізіледі, бас тартулардың үлесі және деректерді ұсынбауға ең бейім айнымалылар айқындалады. Респонденттердің жауап беру деңгейін арттыру және жауаптарды алмау салдарын азайтуға бағытталған шаралар, оның ішінде импутация және статистикалық түзету әдістерін пайдалану құжатталады.

3-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі және айқындылығы

      16. Ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігі мен айқындылығын бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) пайдаланушылардың ресми ақпаратқа тең қол жеткізуін бағалау.

      Ресми статистикалық ақпаратты ұсыну кезеңділігі сипатталады.

      Барлық пайдаланушы санаттарының ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуі мен жұртшылықты жедел ақпараттандыру бағаланады;

      2) деректерді ұсыну құрылымы мен форматын бағалау.

      Ұсынылған деректердің түсінікті, қисынды және визуалды қабылданатын нысанда берілгені талданады – кестелер, диаграммалар, инфографиканың болуы, негізгі көрсеткіштерді бөліп көрсету;

      3) ресми статистикалық ақпаратты тарату форматтарын бағалау.

      Пайдаланушыларға деректер ұсынылатын файл форматтары олардың қолайлылығы, ашықтығы және кейіннен өңдеуге мүмкіндік беруі тұрғысынан сипатталады. Қолданылатын форматтардың тізімі көрсетіледі (мысалы: XLSX, CSV, PDF, HTML, JSON, XML).

      Ұсынылатын деректер форматтары, сондай-ақ олардың қабылдауға, жүктеп алуға, талдауға және ақпараттық жүйелерге интеграциялауға қолайлылығы бағаланады.

      Автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті, машина оқитын форматтардың болуы бағаланады;

      4) ұсынылған ресми статистикалық ақпараттың түсіндірілуін бағалау.

      Пайдаланушылар ресми статистикалық ақпаратты арнайы дайындықсыз қаншалықты дұрыс түсіне алатыны бағаланады.

      Көрсеткіштер мәндеріндегі өзгерістерге мәтіндік талдамалық пікірлердің, түсіндірмелердің, динамика себептерінің қысқаша түсіндірмелерінің болуы талданады;

      5) метадеректерді ұсынуды бағалау.

      Метадеректердің мына компоненттерінің болуы мен сапасы сипатталады:

      көрсеткіштерді сипаттау – мазмұны мен талдамалық мәнін қоса алғанда, әрбір статистикалық индикатордың нақты сипаттамасының болуы;

      өлшем бірліктері – ұсынылған деректерде қолданылатын өлшегіштердің көрсетілуі;

      деректерді қамту – толық көрсетілуі: географиялық қамту (ел, өңір, қала, облыс, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ); уақыттық қамту (жыл, тоқсан, ай, байқау кезеңі); демографиялық немесе салалық қамту, қажет болған жағдайда;

      есептеу әдіснамасы және пайдаланылатын ұлттық анықтамалық ақпарат (бұдан әрі – ҰАА) – қолданылатын әдістер, алгоритмдер, ҰАА, стандарттар және нормативтік құжаттар сипатталады;

      дереккөздер мен жинау тәсілдері – көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде пайдаланылған статистикалық нысандарды, әкімшілік, баламалы деректерді, зерттеулерді немесе өзге де дереккөздерді, сондай-ақ деректерді қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық түрде жинау тәсілдерін көрсету;

      шектеулер және ықтимал қателіктер – деректердің нақтылығына, толықтығына және түсіндірілуіне әсер ететін факторлар туралы ақпарат (толық емес жауаптар, әдіснамадағы өзгерістер және байқау қателері);

      деректерді жаңарту жиілігі – жариялау кезеңділігін дұрыс көрсету (жыл сайын, тоқсан сайын, ай сайын, апта сайын, күн сайын);

      жауапты құрылымдық бөлімше – деректерді қалыптастыруды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын бөлімше туралы ақпараттың болуы;

      жариялау күні және деректер нұсқасы – шығарылған күнін, сондай-ақ деректер жиынтығының нұсқасын көрсету (жаңартулар немесе қайта қараулар болған жағдайда).

4-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың өзара байланысы және салыстырмалылығы

      17. Ресми статистикалық ақпараттың өзара байланысы және салыстырмалылығын бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) деректердің ішкі өзара байланысын тексеру.

      Бір деректер жиынтығы ішіндегі статистикалық көрсеткіштердің логикалық қайшылықсыздығы талданады. Өзара байланысты айнымалылардың сәйкестігі тексеріледі (мысалы, жеке мәндердің қосындысы қорытындыға сәйкес келуі тиіс, баланстық арақатынастардың сақталуы, сандық, құрылымдық, көлемдік көрсеткіштердің келісімділігі);

      2) уақыт бойынша өзара байланыс (динамикалық) арасындағы тексеру.

      Байқаудың тізбекті кезеңдері арасындағы ресми статистикалық ақпараттың өзара байланысы бағаланады. Көрсеткіштердің ауытқулары мен құрылымдық өзгерістері, уақыт қатарларындағы ықтимал үзілістердің себептері талданады (мысалы, әдіснама, жіктемелер, ҰАА немесе дереккөздердің өзгеруі). Қажет болған жағдайда динамиканың салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін ретроспективті қайта есептеу әдістері қолданылады;

      3) деректер көздері арасындағы өзара байланысты талдау.

      Статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде алынған нәтижелер салыстырылады. Олардың өзара байланысы дәрежесі және тұжырымдамалар, анықтамалар мен жинау әдістерінің ұқсастығы бағаланады. Алшақтықтар анықталған жағдайда олардың себептері тіркеліп, түзету шаралары қабылданады;

      4) әдіснамалық келісімділікті бағалау.

      Ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолданылатын әдіснаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігі дәрежесі туралы ақпарат ұсынылады. Ресми статистикалық ақпараттың басқа ресми көздерден немесе статистикалық салалардан алынған деректермен қаншалықты келісімді екендігі бағаланады. Ұғымдар, анықтамалар, статистикалық бірліктер, ҰАА, географиялық бөлініс, есепті кезеңдер және түзету әдістеріндегі айырмашылықтарды қоса алғанда салыстырылатын статистикалық материалдар мен өзге деректер арасындағы айырмашылықтар сипатталады;

      5) уақыттық келісімділікті бағалау.

      Әртүрлі кезеңділікпен түзілетін ресми статистикалық ақпараттың келісімділік дәрежесі талданады. Қысқа кезеңдердегі (ай, тоқсан) есептеулер жылдық нәтижелермен салыстырылады. Әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі көрсеткіштердің арасында келісімділік болмаған жағдайда алшақтықтардың себептері (мысалы, дереккөздердің, әдіснаманың, ҰАА немесе маусымдық түзетулердің өзгеруі) сипатталады;

      6) ұлттық шоттармен келісімділігін бағалау.

      Ресми статистикалық ақпараттың ұлттық шоттармен үйлесімділігі дәрежесі туралы ақпарат ұсынылады.

5-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың өзектілігі

      18. Ресми статистикалық ақпараттың өзектілігін бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) пайдаланушыларды және олардың қажеттіліктерін анықтау.

      Типтері (мемлекеттік билік органдары, халықаралық ұйымдар, зерттеу институттары, бизнес, БАҚ, қоғамдық қауымдастық және т.б.) бойынша жіктеуді қоса алғанда, ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылар туралы ақпарат ұсынылады. Статистикалық ақпараттың әртүрлі пайдаланушы топтарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келетіндігі бағаланады. Пайдаланушылардың қанағаттандырылмаған немесе ішінара қанағаттандырылған қажеттіліктері, олардың пайда болу себептері (мысалы, қажетті көрсеткіштердің болмауы, аумақтық немесе уақыт бойынша нақтылаудың жеткіліксіздігі, форматтар немесе жариялау мерзімдерінің сәйкес еместігі) және оларды болашақта қанағаттандыру жоспарлары сипатталады;

      2) пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін бағалау шаралары.

      Сауалнамалар, консультациялар, фокус-топтар, онлайн кері байланыс және жолданымдарды талдауды қоса алғанда, ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін анықтау бойынша іс-шараларды өткізу әдістері мен жиілігі сипатталады. Негізгі нәтижелер, анықталған мәселелер және статистикалық ақпараттың өзектілігі мен қолданылуын арттыруға арналған қабылданған шаралар тіркеледі.

6-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың анықтығы

      19. Ресми статистикалық ақпараттың анықтығын бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) дереккөздердің сенімділігін бағалау.

      Пайдаланылатын дереккөздерге (статистикалық байқаулар, әкімшілік деректер, тіркелімдер, іріктемелі зерттеулер) сенімділігі, бүтіндігі және репрезентативности тұрғысынан талдау жүргізіледі.

      Дереккөздердің статистикалық әдіснаманың белгіленген талаптарына сәйкестігі, деректерді тіркеудің сенімділігі және бақылау рәсімдерін сақтау дәрежесі бағаланады.

      Дереккөздердің көрсеткіштердің объективтілігі мен шынайылығын қамтамасыз ете отырып, модельделіп отырған саланың нақты сипаттарын қаншалықты көрсететіні анықталады;

      2) сапаны бақылау жүйесін бағалау.

      Анықтықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралар сипатталады – автоматтандырылған және сараптамалық тексерулер, бақылау қатынастары, деректерді валидациялау және верификациялау рәсімдері.

      Қателерді бақылау үшін қолданылатын құралдар көрсетіледі, соның ішінде форматтық-логикалық бақылаулар және шектен тыс мәндерді анықтау немесе жою әдістері;

      3) нәтижелердің тұрақтылығын бағалау.

      Қайталама өлшемдер мен байқаулар кезінде деректердің тұрақтылығы анықталады.

      Бастапқы және нақтыланған немесе қайта қаралған деректер арасындағы айырмашылықтар талданады.

      Ескертпе: Қайталама байқаулар кезінде айырмашылықтар аз және уақыттағы нәтижелердің тұрақты болуы деректердің сенімділігі жоғары екендігін көрсетеді.

7-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың толықтығы

      20. Ресми статистикалық ақпараттың толықтығын бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) деректердің статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкестігін тексеру.

      Барлық көзделген көрсеткіштердің және деректер бөліністерінің болуын қоса алғанда, бекітілген статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты ұсынудың толықтығы бағаланады;

      2) байқау объектілерін қамтуды талдау.

      Статистикалық байқауға жататын барлық бірліктердің (кәсіпорындар, мекемелер, үй шаруашылықтары, жеке кәсіпкерлер және т.б.) жиынтыққа енгізілуі және деректерде көрсетілуі тексеріледі;

      3) уақыттық қамтудың толықтығын талдау.

      Ретроспективті және ағымдағы байқауларды қоса алғанда, барлық көзделген уақыт кезеңдері бойынша деректердің болуы тексеріледі. Қажет болған жағдайда кезеңдердің қалып кетуі себептері көрсетіледі;

      4) аумақтық қамтудың толықтығын тексеру.

      Статистикалық байқауда көзделген барлық әкімшілік-аумақтық бірліктер немесе өзге де кеңістіктік бөліністер бойынша деректердің болуы бағаланады;

      5) метадеректердің толықтығын тексеру.

      Әдіснамалық ақпараттың, көрсеткіштер сипаттамаларының, дереккөздердің, жинау және өңдеу рәсімдерінің болуы мен жеткіліктілігі талданады. Метадеректердің болмауы немесе үзінді түрде берілуі статистикалық ақпараттың толықтығы мен ашықтығын шектеу ретінде қарастырылады;

      6) халықаралық ұйымдардың сұрауларымен салыстырғанда толық болуы.

      Халықаралық ұйымдардың сұрауларымен салыстырғанда деректердің толық болуы туралы ақпарат ұсынылады.

8-параграф. Ресми статистикалық ақпараттың уақытылылығы

      21. Ресми статистикалық ақпараттың уақытылылығын бағалау үшін мына іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

      1) ресми статистикалық ақпараттың өндіріс циклін бағалау.

      Жүргізілетін байқау мақсаттарына сәйкес келетін ресми статистикалық ақпараттың түсуі туралы ақпарат ұсынылады. Ресми статистикалық ақпаратты түзу және жариялау үшін қажетті уақыт және оны қысқарту үшін қабылданатын шаралар көрсетіледі;

      2) ресми статистикалық ақпаратты таратудың дәлдігін бағалау.

      Ресми статистикалық ақпаратты жариялаудың жоспарланған күндері мен нақты шығу күндері салыстырылады.

      Кешігу, уақытынан бұрын жариялау немесе бекітілген графиктен ауытқу жағдайлары тіркеледі, сондай-ақ орташа уақыт кешігу көрсеткіштері (күні бойынша немесе белгіленген мерзімнің пайызы ретінде) есептеледі.

      22. Әрбір сапа өлшемшарты бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген Сапаның стандартты индикаторларының тізбесі пайдаланылады.

  Ресми статистикалық
ақпараттың сапасын бағалау
әдістемесіне 1-қосымша

      "___" _________ 20__ г

Ресми статистикалық ақпараттың сапасы жөніндегі есептің атауы

Ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезеңділігі

Сапа жөніндегі есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімше

Ресми статистикалық ақпаратты ұсыну нысаны

Ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері

Сапа жөніндегі есепті қалыптастыру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Ұсыну мерзімі

Ұсыну мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

      Мемлекеттік орган басшысының қолы

      ______________________________________________________________

  Ресми статистикалық
ақпараттың сапасын бағалау
әдістемеcіне 2-қосымша

Ресми статистикалық ақпараттың Сапа бойынша есепті толтыру құрылымы

Құрылымдық элемент

Есеп бөлімі

Тармақ коды

Бөлімдердің сипаттамасы

Түсініктеме

S.1

Байланыс деректері

CONTACT

Ақпаратты немесе метадеректерді алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның байланыс деректері

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.1.1

Ұйым

CONTACT_ORGANI_SATION

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректерді немесе метадеректерді ұсынуға және байланысқа жауапты тұлғалар жұмыс істейтін ұйымның атауы

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын процеске және нәтижелерге жауапты ұйымның толық атауын көрсетіңіз.

S.1.2

Құрылымдақ бөлімше

ORGANISATION_UNIT

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректерді немесе метадеректерді ұсынуға, байланысқа жауапты тұлғалар жұмыс істейтін
құрылымдық бөлімшенің атауы

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын процеске және нәтижелерге жауапты
құрылымдық бөлімшенің толық атауын көрсетіңіз

S.1.3

Байланысқа жауапты адамның аты

CONTACT_NAME

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректерді немесе метадеректерді ұсынуға жауапты адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын процестер мен оның нәтижелеріне жауапты адамның (адамдардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсетіңіз.
Егер есептің авторы процестер мен оның нәтижелеріне жауапты адамнан (адамдардан) өзгеше болса, Сапа бойынша есеп авторының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) қосымша көрсетіңіз.

S.1.4

Байланысқа жауапты адамның функциялары

CONTACT_FUNCT

Байланысқа жауапты адамның (адамдарының) жауапкершілік саласы, мысалы, "әдіснаманы қалыптастыру", "деректерді басқару", "сапаны басқару", "деректерді өңдеу", "деректерді тарату" және т.б.

Байланысқа жауапты адам (адамдар) ретінде көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) лауазымын (лауазымдарын) және жауапкершілік саласын (салаларын) көрсетіңіз

S.1.5

Байланысқа жауапты адамның пошта мекенжайы

CONTACT_MAIL

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректерді немесе метадеректерді ұсынуға жауапты ұйымның пошталық мекенжайы

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын процестер мен оның нәтижелеріне жауапты ұйымның пошталық мекенжайын көрсетіңіз

S.1.6

Байланысқа жауапты адамның электрондық мекенжайы

CONTACT_EMAIL

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректерді немесе метадеректерді ұсынуға жауапты адамның (адамдардың) электрондық пошта мекенжайы

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын процестер мен оның нәтижелеріне жауапты адамның (адамдардың) электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз

S.1.7

Байланысқа жауапты адамның телефон нөмірі

CONTACT_PHONE

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректерді немесе метадеректерді ұсынуға жауапты адамның (адамдардың) телефон нөмірі

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын процестер мен оның нәтижелеріне жауапты адамның (адамдардың) телефон нөмірін көрсетіңіз






S.2

Метадеректердің соңғы жаңартылған күні

META_UPDATE

Деректер базасына метадеректер элементі енгізілген немесе өзгертілген күн

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.2.1

Жаңартылған метадеректерді соңғы растау

META_CERTIFIED

Енгізілген метадеректердің егер ақпарат өзгертілмеген болса да ағымдағы жағдайға сәйкестігіне статистика саласы әкімшілігінің соңғы растау күні

Бұл метадеректер файлының ағымдағы жағдайға сәйкес келетінін соңғы растау күнін көрсетіңіз. Мұндай растау метадеректер файлы өзгермесе де орындалатын болады

S.2.2

Метадеректердің соңғы орналастырылуы

META_POSTED

Метадеректерді таратудың соңғы күні

Метадеректер жиынтығының соңғы тарату күнін көрсетіңіз

S.2.3

Метадеректердің соңғы жаңартылған күні

META_LAST_UPDATE

Метадеректер мазмұнын соңғы жаңартудың күні

Метадеректердің кез-келгенінің (қолмен немесе метадеректер жүйесімен автоматты түрде) соңғы жаңартылған күнін көрсетіңіз






S.3

Статистикалық ақпаратты ұсыну

STAT_PRES

Пайдаланушыларға кестелер, графиктер немесе карталар түрінде көрсетілуі мүмкін таратылатын деректердің сипаттамасы

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.3.1

Деректерді сипаттау

DATA_DESCR

Таратылатын деректер мен көрсеткіштерге жататын деректер жиынтығының негізгі сипаттамалары

Деректер жиынтығының негізгі сипаттамасын, оны жеңіл түсінетіндей, негізгі таратылатын деректер мен көрсеткіштерге сілтемемен қысқаша сипаттаңыз.
S. 3.4 құрылымдық элементінде ауыспалылардың толық сипаттамасын ұсыныңыз

S.3.2

ҰАА

CLASS_SYSTEM

Объектілерді жалпы сипаттамасы негізінде оларды топтарға жүйелеу немесе бөлу

Пайдаланылған барлық ҰАА элементтерін тізімдеңіз, сонымен қатар олардың электрондық нұсқаларына сілтемелерді көрсетіңіз. ҰАА элементтері халықаралық стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда сәйкессіздіктің себебін түсіндіріңіз

S.3.3

Секторлық қамту

COVERAGE_SECTOR

Ресми статистикалық деректермен қамтылатын негізгі экономикалық немесе өзге де секторлар

Құралатын деректер жиынтығымен қамтылған экономикалық немесе басқа салалар тізілімі және қолданылатын класс/топтардың параметрлерін (мысалы, жұмысшылар саны) көрсетіңіз

S.3.4

Статистикалық тұжырымдамалар мен анықтамалар

STAT_CONC_DEF

Статистикалық бақылаулардың статистикалық сипаттамалары, ауыспалылар

Жалпымемлекеттік статистикалық бақылау туралы жалпы мәліметтерді сипаттаңыз, соның ішінде:
- нысанның индексі мен атауы;
-бақылау түрі (таңдамалы, жаппай, құрама);
-респонденттердің ауқымы және олардың қамтылуы (%);
-бастапқы статистикалық деректерді жинау қай ЭҚТЖ бойынша жүргізілді;
-статистикалық нысанды тапсыру мерзімі және есепті кезең;
- деректерді жинау құралдары;
- статистикалық нысанды соңғы қайта қарау;
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау нысанын жүктеуге арналған сілтемені көрсетіңіз

S.3.5

Cтатистикалық обьект

STAT_UNIT

Ақпарат жиналатын және оның негізінде статистикалық ақпарат қалыптастырылатын объектілер

Бастапқы статистикалық деректер жиналатын базалық объектілердің тізбесін көрсетіңіз, мысалы кәсіпорын, мемлекеттік мекемелер, үй шаруашылығы, дара кәсіпкерлер, тұрғын үй объектісі, жеке тұлға және т.б.

S.3.6

Бас жиынтық

STAT_POP

Зерттеудің бас жиынтығын қалыптастыру

Бас жиынтықты қалыптастыру дереккөзін және қосу немесе шығару өлшемшарттарын көрсетіңіз.

S.3.7

Аумақтық қамту

REF_AREA

Өлшенетін статистикалық құбылыс жататын ел немесе географиялық аймақ

Өңірлік қамтуды (өңірлік бөліністі) көрсетіңіз

S.3.8

Қамту уақыты

COVERAGE_TIME

Деректер қолда болған уақыт ұзақтығы

Деректер жиынтығымен қамтылатын уақыт кезеңдерін сипаттаңыз (яғни, деректер таратылатын уақыт ұзақтығы, мысалы, 1985-2006 жылдар бойы немесе белгілі бір жылдық деректерге 2000-...)

S.3.9

Базалық кезең

BASE_PER

Көрсеткіштер қатары үшін база ретінде пайдаланылатын немесе кейбір константалар қатары жататын уақыт кезеңі

Көрсеткіштер қатары үшін база ретінде пайдаланылатын немесе кейбір уақыт қатары жататын уақыт кезеңін сипаттаңыз (мысалы, белгілі бір жылдық деректер үшін 2000 базалық жыл)






S.4

Өлшем бірлігі

UNIT_MEASURE

Деректер мәндері өлшенетін бірлік

Ресми статистикалық ақпаратты тарату үшін пайдаланылатын өлшем бірліктерін атап өтіңіз (мысалы, %, тұлға, саны). Сонымен қоса, өлшемнің нақты анықтамасын қосу керек (мысалы, мың, миллион)






S.5

Есепті кезең

REF_PERIOD

Өлшенетін байқау жатуы тиіс кезең немесе уақыт сәті

Ауыспалылар мәні белгілі бір уақыт кезеңіне (мысалы, айдың соңғы аптасы, ай, қаржылық жыл, күнтізбелік жыл немесе бірнеше күнтізбелік жыл) немесе нақты бір уақыт сәтіне (мысалы, нақты бір күн немесе айдың соңғы күні) қатысты болады.
Деректер жиынтығындағы ауыспалылар, бірнеше есепті кезеңге қатысты болуы мүмкін. Барлық есепті кезеңдер көрсетілуі тиіс.






S.6

Құқықтық негіз

INST_MANDATE

Ұйымға жауапкершілікті жүктейтін және оған бастапқы және әкімшілік деректерді жинау, өңдеу және ресми статистикалық ақпаратты таратуға құқық беретін заң, нормативтік қағидалар жиынтығы немесе өзге формалды нұсқаулықтар жиынтығы

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.6.1

Нормативтік құқықтық актілер

INST_MAN_LA_OA

Бастапқы статистикалық деректерді жинау, оларды өңдеу және ресми статистикалық ақпаратты тарату бойынша ұйымның жауапкершілігі мен өкілеттіктерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер.

Деректерді жинау, ұсыну және өңдеу, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты тарату туралы Қазақстан Республикасының заңдарын, нормативтік құқықтық актілерін және (немесе) формалды және формалды емес келісімдерін көрсетіңіз.

S.6.2

Деректермен алмасу


Әкімшілік және (немесе) балама деректерді ұсыну туралы формалды және формалды емес келісімдер және (немесе) бірлескен актілер

Әкімшілік және (немесе) балама деректерді ұсыну туралы формалды және (немесе) формалды емес келісімдерді және (немесе) бірлескен актілерді көрсетіңіз.






S.7

Құпиялылық

CONF

Рұқсатсыз жарияланғаннан кейін дереккөздің мүдделеріне немесе өзге де сәйкес тұлғаларға зақым келтіруі мүмкін дәрежені айқындайтын деректердің ерекшелігі

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.7.1

Құпиялылық саясаты

CONF_POLICY

Жеке немесе заңды тұлғаға, экономикалық, әлеуметтік субъектіге немесе объектіге қатысты деректердің рұқсатсыз жария етілуіне тікелей немесе жанама түрде кедергі болатын заңнамалық шаралар немесе басқа да ресми рәсімдер.

Бастапқы статистикалық, әкімшілік және баламалы деректердің құпиялылығына қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ басқа да ресми талаптарды көрсетіңіз.
Деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қажетті әдістердің қолданылғаны туралы нақты кепілдікті сипаттаңыз.

S.7.2

Құпиялылық -деректерді өңдеу

CONF_DATA_TR

Деректерді өңдеуге қолданылатын, олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін, нормативтік қағидалар

Көрсету қажет:
-бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін микро және макродеректермен жұмыс істеуде қолданылатын нормативтік қағидалар, сонымен қоса деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері мен шарттарын;
- деректерді өңдеу кезінде агрегаттау әдістерін (жиынтықтау, өлшеу, салмақтарды анықтау үшін негіз)






S.8

Ресми статистикалық ақпаратты тарату саясаты

REL_POLICY

Ресми статистикалық ақпаратты барлық пайдаланушылар арасында тарату қағидалары

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.8.1

Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі

REL_CAL_POLICY

Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі (бұдан әрі – График )

Қарастырылып отырған процестің ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінің тармағын көрсетіңіз.

S.8.2

Ресми статистикалық ақпаратты Тарату графигіне қолжетімділік

REL_CAL_ACCESS

Ресми статистикалық ақпаратты Тарату графигінде қамтылған ақпаратқа қолжетімділік

Ресми статистикалық ақпаратты Тарату графигіне қолжетімділікке болатын сілтемені көрсетіңіз.

S.8.3

Пайдаланушы үшін қолжетімділік

REL_POL_US_AC

Пайдаланушылар үшін жариялау қағидаттары, тарату шектері, ресми статистикалық ақпаратты жариялау туралы пайдаланушыларды хабарлау тәсілі

Әр түрлі санаттағы пайдаланушылар үшін ресми статистикалық ақпаратқа қолжетімділік шарттарын сипаттаңыз. Ресми статистикалық ақпаратты таратудың белгіленген мерзімдерінен кез келген ауытқуларды көрсетіңіз.






S.9

Тарату жиілілігі

FREQ_DISS

Ресми статистикалық ақпаратты тарату жүзеге асырылатын кейбір белгіленген уақыт кезеңіндегі уақытша интервал

Ресми статистикалық ақпарат қандай жиілікпен таратылатынын көрсетіңіз (мысалы, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын)






S.10

Қолжетімділік пен айқындылық

ACCESSIBILITY_CLARITY

Пайдаланушылардың деректерге қолжетімділігі, оларды пайдаланатын және түсіндіретін шарттар мен тәртіп

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.10.1

Жаңалықтарды жариялау

NEWS_REL

Деректерге қатысты тұрақты немесе арнайы баспасөз хабарламалары

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын, өткен жылдағы деректерге қатысты барлық тұрақты немесе арнайы баспасөз хабарламаларын тізіп шығыңыз.

S.10.2

Жарияланымдар

PUBLICATIONS

Тұрақты немесе арнайы жарияланымдар, олар арқылы қоғам үшін ресми статистикалық ақпарат қолжетімді болып табылады

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын барлық жарияланымдардың атауын, соның ішінде жылын және онлайн-құжаттарға сілтемелерді тізіп шығыңыз.

S.10.3

Онлайндық деректер базасы

ONLINE_DB

Ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асыруға болатын онлайн-деректер базасы туралы ақпарат

Ресми статистикалық ақпаратты таратуды жүзеге асыратын домендердің атауын және онлайн-деректер базасының сілтемелерін, сондай-ақ Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын деректердің соңғы жарияланымына сілтемені көрсетіңіз.

S.10.3.1

AC1. Ресми статистикалық ақпаратқа жолданымдар саны

DATATABLE_CONSULT

Жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа сұрау салулар мен жүктеп алулар саны

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын ресми статистикалық ақпаратты қараулар және (немесе) жүктеп алулар санын көрсетіңіз.

S.10.4

Деректерге сәйкестендірілмеген түрінде қолжетімділік

MICRO_DAT_ACC

Деректерді сәйкестендірілмеген түрінде алу мүмкіндігі туралы ақпарат.

Деректерге сәйкестендірілмеген түрде қолжетімділік шарттары мен мүмкіндігін сипаттаңыз. Сәйкестендірілмеген түрдегі деректерді алуға сұрау салулар санын көрсетіңіз.

S.10.5

Өзге де

DISS_OTHER

Өзге де таратылатын маңызды статистикалық ақпаратқа сілтемелер.

Деректерді таратудың кез келген өзге де маңызды тетіктерін, мысалы, Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын эксперименттік статистика мен зерттеулерді, аналитикалық дашбордтарды, саяси құжаттарды сипаттаңыз. Ресми статистикалық ақпаратты таратудың әртүрлі форматтарына байланысты деректердің қолжетімділігі мен түсінігін қысқаша баяндаңыз.

S.10.5.1

AC2. Метадеректер —кеңестер беру

METADATA_CONSULT

Метадеректерді қарау саны

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын метадеректерді қарау санын көрсетіңіз (айына, тоқсанына, жылына).

S.10.6

Әдіснама бойынша құжаттама

DOC_METHOD

Қолда бар әдіснамалық құжаттарға сипаттамалық мәтін және сілтеме

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын, еркін қолжетімділікте орналастырылған әдіснамалық материалдарға сілтемелерді көрсетіңіз.

S.10.7

Сапа бойынша құжат

QUALITY_DOC

Сапаны басқару және сапаны бағалауда қолданылатын рәсімдер туралы құжаттама

Сапаға қатысты барлық құжаттардың бар болуын сипаттаңыз






S.11

Сапаны бақылау

QUALITY_MGMNT

Статистикалық өнімдер мен процестер сапасын басқару үшін ұйымдағы жүйелер мен құрылымдар.

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.11.1

Сапаны қамтамасыз ету

QUALITY_MGMNT

Статистикалық нәтижелерге қойылатын талаптарға процестер, көрсететін және оған сенімділікті қамтамасыз ететін барлық ұйымдасқан жүйелі қызмет

Ұйымда қолданылатын сапаны қамтамасыз етудің жалпы жүйесін сипаттаңыз.

S.11.2

Ресми статистикалық ақпараттың сапасын бағалау

QUALITY_ASSMNT

Жалпы қабылданған сапа өлшемшарттары негізінде деректер сапасын жалпы бағалау.

Соңғы сапа бағалауларының нәтижелерін қысқаша баяндап, бұл нәтижелердің толық сипатталған бөлімдеріне сілтемелер келтіріңіз.
Сапа өлшемшарттарының кез келген артықшылықтарын және кемшіліктерін, сондай-ақ сапаны арттыру үшін жоспарланған шараларды атап өту керек






S.12

Өзектілік

RELEVANCE

Пайдаланушылардың ағымдағы және әлеуетті қажеттіліктеріне жауап беретін ресми статистикалық ақпараттың дәрежесі

(осы тармаққа қатысты ақпарат оның тармақшаларында көрсетілген)

S.12.1

Пайдаланушылардың қажеттіліктері

USER_NEEDS

Пайдаланушыларды және олардың ресми статистикалық ақпаратқа қатысты тиісті қажеттіліктерін сипаттау

Көрсетіңіз:
-пайдаланушыларды маңыздығына қарай жіктеу;
-пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратты пайдалану мақсаттары туралы ақпарат;
-әр түрлі санаттағы пайдаланушылар үшін сұранысқа ие негізгі шығару көрсеткіштерін бағалау және маңызды пайдаланушылар үшін шығару деректеріндегі кемшіліктерді көрсету;
-пайдаланушылардың қанағаттандырылмаған қажеттіліктері туралы ақпарат және оларды болашақта қанағаттандыру жоспары;
-пайдаланушылар талаптарына сәйкес келмейтін сапа компоненттерінің егжей-тегжейі.

S.12.2

Пайдаланушылардың қанағаттанушылығы

USER_SAT

Пайдаланушылардың қанағаттанушылығын анықтау үшін өлшемшарттар

Пайдаланушылардың қажеттіліктері мен пікірлері туралы мәліметтерді жинау жүйелілігін сипаттаңыз (мысалы, пайдаланушылардың қанағаттанушылығын анықтауға арналған сауалнамалар, пайдаланушылармен өткізілетін өзге де консультациялар), сондай-ақ пайдаланушылардың қанағаттанушылығын талдаудың негізгі нәтижелерін (кейбір көрсеткіштің нысанында) және пайдаланушылардың қанағаттанушылығына қатысты соңғы сауалнама деректерін көрсетіңіз.






S.12.3

Толықтық / R1.
Деректердің толықтығы - үлес

COMPLETENESS/ COMPLETENESS_RATE

Қолда бар деректер ұяшықтары санының талап етілетін деректер ұяшықтары санына арақатынасы (аталған индикатор Еуропалық статистикалық жүйе деңгейіндегі қаулы немесе нормалар/нұсқаулар болған жағдайда ғана қолданылады).

Тиісті нормативтік талаптармен/нұсқаулармен салыстырғандағы ресми статистикалық ақпараттың толықтығы туралы мәліметтерді көрсетіңіз

S.13

Дәлдік

ACCURACY

Дәлдік: Статистикалық деректерді пайдаланумен бағалануы тиіс есептеулердің немесе бағалардың дәл немесе шынайы мәндерге жуықтығы.
Сенімділік: бастапқы бағалаған мәннің кейін бағаланған мәнге жуықтығы

(осы тармақ бойынша ақпарат оның тармақшаларында қамтылған)

S.13.1

Жалпы дәлдік

ACCURACY_OVERALL

Белгілі бір деректер жиынтығымен немесе саламен байланысты бірнеше компоненттерден тұратын дәлдікті бағалау

Қателердің себептерін талдау қажет және оларға алдағы уақытта жол бермеу үшін кейінгі шараларды көрсету

S.13.2

A1. Іріктеме қатесі – индикаторлар

SAMPLING_ERR/ SAMPLING_ERR_IND

Іріктеме қатесі (стандартты қате, сенімділік интервалы, вариация коэффициенті)

Іріктеме қателіктерін, стандартты қателерді, сенімділік интервалдарын және вариация коэффициенттерін (бар болған жағдайда) көрсетіңіз.

S.13.3

Іріктемеге байланысты емес қателіктер

NONSAMPLING_ERR

Іріктеме ауытқуларына қатысы жоқ, сауалнамаға негізделген бағалаулардағы қате

Іріктемемен байланысты емес, пайдаланушыларға бағытталған жиынтық қателердің бағасын, жауапсыз қалған сұрақтар үлесін және онымен байланысты қателер тәуекелін (қамту қателері; артық/жеткіліксіз қамту және әр түрлі тізімдер; өлшеу қателері: респонденттер және интервьюерлер (қолданған жағдайда) сауал салу құралының әсері; жауаптарының жоқтығынан қателік; респонденттің жауап деңгейі (жауаптың жоқтығы), жауаптар жоқтығының себептерін және тиісті бағаларын қоса алғанда, негізгі ауыспалылар үшін жауапсыз сұрақтар деңгейі; өңдеу қателіктері: редакциялау, кодтау және деректерді қою қателерін, (қолданылатын жағдайда); модель туралы гипотезаның қателерін: бағалау кезінде пайдаланылатын арнайы модельдерін, және әр түрлі типтегі қателерді азайту үшін қабылданған шараларды ұсыныңыз

S.13.3. 1

Қамту қатесі

COVERAGE_ERR/

Мақсатты жиынтық және іріктелген топ арасындағы айырмаға әкеп соғатын зерделенетін жиынтықтың барлық компоненттерін қажетті деңгейде қамтудың мүмкін еместігі салдарынан туындаған қате

Қамту қателіктерін оларға жеткіліксіз қамту және жіктеудегі қателерді көрсетіңіз.
Байқау бірліктер жауаптарының жоқтығы, бөлек сұрақтарға жауаптарының жоқтығы, кезең бойынша жауаптар жоқтығының % сипаттау (мысалы, байқау бірліктерінің жауаптарының жоқтығы жылына 5% жуық)

S.13.3. 1.1

A2. Қамтуды арттыру – көрсеткіш

OVERCOVERAGE_RATE

Қамтуды арттыру салдарынан туындайтын қате

Артық қамту қателіктерін көрсетіңіз.

S.13.3. 1.2

A3. Жалпы бірліктер – үлес

COMMON_UNIT_SHARE

Зерттеудің жалпы бірлік санынан әкімшілік және баламалы дереккөздермен қамтылған, зерттеудің бірліктер арақатынасы

Статистикалық зерттеу, әкімшілік және баламалы көздермен қамтылған бірліктердің үлесін көрсетіңіз.

S.13.3.2

Өлшеу қателігі

MEASUREMENT_ERR

Алынған статистикалық ақпараттың оларды жинау процесінде туындайтын көрсеткіштердің нақты мәндерінен ауытқуы

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын алынған ресми статистикалық ақпараттың оларды жинау процесінде туындайтын нақты көрсеткіштерден ауытқу қателерін көрсетіңіз

S.13.3.3

Жауап алмау қателігі

NONPESPONSE_ERR

Деректер ұсынылмаған кезде туындайтын жауап алмау қателіктері

Деректерді ұсынбау себептері бойынша бірліктердің таралуын көрсетіңіз. Деректерді жинау кезінде және кейінгі бақылау барысында деректердің ұсынылмау деңгейін төмендету үшін қабылданатын шараларды сипаттаңыз.

S.13.3.3.1

A4. Жауап берілмеген бірлік – үлес

UNIT_NONRESPONSE_RATE

Респондент жауабының болмауы, ақпаратсыз қалған бірліктер санының пропорциясы немесе қамтылған (тиісті) бірліктерінің жалпы санына қолданылмайтын ақпарат

Жауап бермеген бірліктерді сипаттаңыз

S.13.3.3.2

A5. Жауап берілмеген сұрақ – үлес

ITEM_NONRESPONSE_ RATE

Белгілі бір сұраққа жауап бермеу

Жауапсыз қалған сұрақтарды сипаттау

S.13.3.4

Өңдеу қателігі

PROCESSING_ERR

Өңдеу қателігі

Деректерді өңдеудегі негізгі мәселелерді сипаттаңыз, сондай-ақ олардың ең маңызды түрлері мен ресми статистикалық ақпаратқа әсерін көрсетіңіз (қолданыста болса).

S.13.3.5

Модельдік болжам қатесі

MODEL_ASSUMP_ERR

Бағаланған көрсеткіш мәндерінің нақты мәндерден ауытқуы

Модельдік болжам қателіктерін көрсетіңіз (қолданылған жағдайда).

S.14

Уақтылылығы

TIMELINESS_PUNCT

Уақтылылығы -ресми статистикалық ақпараттың пайда болуы (жарияланымдар) мен ол сипаттайтын оқиға немесе құбылыс арасындағы уақыт аралығын, сондай-ақ ресми статистикалық ақпарат жарияланған күннен бастап жоспарланған күнге дейінгі уақыт кідірісінің дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарттары

(Осы тармақ бойынша ақпарат оның ішкі тармақтарында көрсетілген)

S.14.1

Жеделдік

TIMELINESS

Жеделдік: деректерге қол жеткізу сәті мен деректер сипаттайтын оқиға немесе құбылыс арасындағы уақыт ұзақтығы

Есепті кезең аяқталған сәттен бастап алғашқы нәтижелер жарияланған күнге дейін өлшенетін өндіріске жұмсалған уақытты көрсетіңіз. Егер ақпарат оны өңдеуге жұмсалған уақытқа байланысты өзектілігін жоғалтса, болашақта уақыт кезеңін қысқарту жолдарын сипаттау керек

S.14.1.1

Жеделдік/
TP1. Уақытша кезең – алдын ала нәтижелер

TIMELAG_FIRST

Есептік кезеңнің соңғы күнінен бастап алдын ала нәтижелер жарияланған күнге дейінгі күндер (апталар немесе айлар) саны

Өндіріске кеткен уақытты көрсетіңіз - есептік кезең аяқталған сәттен бастап алдын ала нәтижелер жарияланған күнге дейінгі мерзім.

S.14.1.2

Жеделдік/
TP2. Уақытша кезең – соңғы нәтижелер

TIMELAG_FINAL

Есептік кезеңнің соңғы күнінен бастап соңғы нәтижелер жарияланған күнге дейінгі күндер (апталар немесе айлар) саны

Өндіріске кеткен уақытты көрсетіңіз - есептік кезең аяқталған сәттен бастап соңғы нәтижелер жарияланған күнге дейінгі мерзім.

S.14.2

Ұқыптылық /
TP3. Ресми статистикалық ақпаратты ұсыну және жариялау мерзімдерін сақтау

PUNCTUALITY/ PUNCTUALITY_RELEASE

Ұқыптылық – ресми статистикалық ақпаратты жариялау күнінен бастап жоспарлы күнге дейінгі уақыт тежелісімен шартталған өлшемшарт

Графикке сәйкес ресми статистикалық ақпараттың нақты жарияланған күні мен жоспарланған күн арасындағы уақыт кезеңін көрсетіңіз. Сәйкессіздіктердің себептерін талдау және оларды жоюдың келесі шараларын көрсету қажет

S.15

Өзара байланыстылық және салыстырмалылық

COHER_COMPAR

Өзара байланыстылық – зерттелетін құбылыстардың тұтас және логикалық өзара байланысты көрінісін қамтамасыз ететін, байқаудың әртүрлі уақыт кезеңдері мен бағыттары бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған деректердің келісімділік және қайшылықсыздық дәрежесін сипаттайтын сапа өлшемшарты.
Салыстырмалылық- деректердің уақыт бойынша, өңірлер, қызмет түрлері және басқа да жіктеу белгілері бойынша өзара салыстырмалылық дәрежесін сипаттайтын, оларды келісілген талдау мен түсіндіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапа өлшемшарты.

(Осы тармақ бойынша ақпарат оның ішкі тармақтарында көрсетілген)

S.15.1

Географиялық өзара байланыстылық және салыстырмалылық

COMPAR_GEO

Географиялық территориялар арасында ресми статистикалық ақпараттың өзара байланыстылығы салыстырмалығы

Өңірлер, елдер арасындағы өзара байланыстылық және салыстырмалық проблемаларын сипаттаңыз. Осындай проблемалардың пайда болу себептерін көрсету қажет.

S.15.1.1

Ағымдардың айналы статистика бойынша ассиметриясы – коэффициент/ СС1

ASYMMETRY_COEFF

Осы екі мәннің орташа мәніне бөлінген елдер арасында кіріс және шығыс ағымдардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығы
(сауда, көші-қон және төлем теңгерімі статистикасы үшін сипатты)

Осы екі мәннің орташа мәніне бөлінген елдер арасында кіріс және шығыс ағымдардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығын сипаттаңыз (сауда, көші-қон және төлем теңгерімі статистикасы үшін тән)

S.15.2

Уақыт бойынша өзара байланыстылық және салыстырмалылық- СС2.

COMPAR_TIME/ COMPAR_LENGTH

Ресми статистикалық ақпараттың уақыт бойынша өзара байланыстылық пен салыстырмалылық деңгейі

Уақыт бойынша өзара байланыстылық пен салыстырмалылық үшін деректерді пайдаланудағы мүмкін шектеулер туралы ақпаратты ұсыныңыз.
Үш негізгі жағдайды ажыратыңыз:
1) Өзгерістер болған жоқ – бұл жағдайда бұл факт Сапа бойынша есепте көрсетілуі керек;
2) Өзгерістер орын алды, бірақ уақыт қатарындағы алшақтықты мойындауға жеткіліксіз болды;
3) Өзгерістер айтарлықтай болды және уақыт қатарының алшақтықтығын мойындауды талап етеді.

S.15.3

Домендер арасындағы өзара байланыстылық және салыстырмалылық

COHER_X_DOM

Ресми статистикалық ақпараттың басқа көздерден алынған деректермен өзара байланыстылық және салыстырмалылық деңгейі

Ресми статистикалық ақпарат басқа көздерден алынған деректермен сәйкес келмеген жағдайда, деректер арасындағы айырмашылықтардың талдауын ұсыныңыз.

S.15.3.1

Кезеңдер арасындағы өзара байланыстылық және салыстырмалылық

COHER_FREQSTAT

Ресми статистикалық ақпараттың әртүрлі кезеңдер арасындағы өзара байланыстылық және салыстырмалылық деңгейі

Кезеңдер арасындағы ресми статистикалық ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, деректердің сәйкессіздігін талдауды ұсыныңыз

S.15.3.2

Ұлттық шоттармен өзара байланыстылық және салыстырмалылық

COHER_NATACCOUNTS

Ресми статистикалық ақпараттың ұлттық шоттармен өзара байланыстылық және салыстырмалылық

Ресми статистикалық ақпарат ұлттық шоттармен сәйкес келмеген жағдайда, деректердің сәйкессіздігін талдауды ұсыныңыз

S.15.4

Сыртқы өзара байланыстылық

COHER_EXTERNA

Сыртқы өзара байланыстылық

Статистикалық процесс әдіснамасының қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін сипаттаңыз

S.15.5

Ішкі өзара байланыстылық

COHER_INTERNA

Ішкі өзара байланыстылық

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын нәтижелердің басқа ресми статистикалық ақпаратпен өзара байланыстылығын сипаттаңыз.

S.16

Жүктеме

COST_BURDEN

Респонденттерге жүктеме

1. Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын осы процеске байланысты респонденттерге жүктемені бағалауды ұсыныңыз:
- операцияларды автоматтандыру дәрежесін;
- жинау, кодтау, тексеру, есептеу, ресімдеу және тарату (келесі дәрежелерді көрсету: жартылай, толық автоматтандырылған, автоматтандырылмаған);
- бастапқы статистикалық деректерді ұсынған респонденттер саны;
- статистикалық байқау нысаны бөлімдерінің, кестелерінің саны;
- бухгалтерлік, кадрлық немесе өзге де жүйелерді пайдаланудың өзара байланыстылығы бар жоғы;
- статистикалық байқау нысанын толтыруға жұмсалатын орташа уақыт;
- ресми статистикалық ақпаратты өндіруде әкімшілік және/немесе баламалы деректер қолданылатынын, егер қолданылса, дереккөзін көрсету.
2. Респонденттерге жүктемені төмендету немесе азайту бойынша қабылданатын шараларды сипаттаңыз

S.17

Деректерді қайта қарау

DATA_REV

Бұрын бекітілген және жарияланған ресми статистикалық ақпараттың мәндерінің өзгеруі

(Осы тармақ бойынша ақпарат оның ішкі тармақтарында көрсетілген)

S.17.1

Деректерді қайта қарау -саясаты

REV_POLICY

Деректерді қайта қарау саясаты

Деректерді қайта қарау саясатын және тиісті процедураларды және ресми
статистикалық ақпаратты пайдаланушылар оны қайта қарау туралы қалай білетінін сипаттаңыз

S.17.2

Деректерді қайта қарау/ A6

REV_PRACTICE/ DATA_REV_AVGSIZE

"Қайта қарау" – бұрын бекітіліп жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа кез келген өзгерістерді енгізу (негізгі көрсеткіштің соңғы және бастапқы есептері арасындағы айырмашылығы)

Ресми статистикалық ақпарат бекітілгеннен кейін қайта есептелгенін немесе қайта жарияланғанын көрсетіңіз, егер болса, деректерді қайта қараудың негізгі себептерін және олардың сипатын көрсетіңіз (деректердің жаңа дереккөздердің болуы, жаңа әдістер, қателіктер)


S.18

Бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік, және (немесе) балама деректерді өңдеу

STAT_PROCESS

Деректерді өңдеу – деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, блоктағау, архивтеуге және жоюға бағытталған әрекеттер

(осы тармақ бойынша ақпарат оның ішкі тармақтарында көрсетілген)

S.18.1

Бастапқы деректер

SOURCE_TYPE

Статистикалық агрегаттарды қалыптастыру үшін пайдаланылатын бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік, және (немесе) балама деректердің сипаттамалары мен компоненттері

Деректер жиынтығы неге негізделгенін көрсетіңіз – бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік, және (немесе) балама деректер, және бірнеше деректер көздерінің комбинациясына.
Егер іріктеме пайдаланылса, онда іріктеме сипаттамасын келтіріңіз:
- іріктемені қалыптастыру рәсімі (әрлендіру), іріктемелі зерттеулер үшін іріктемені сипаттау, мысалы, бір сатылы кластерлік іріктеме (кездейсоқ іріктеме);
- іріктеме көлемін, іріктеме үлесін және іріктеме бірліктерін сипаттау;
- бас жиынтыққа тарату (өлшеу, салмақты есептеу);
- іріктемені ротациялау әдістерін сипаттау.
Егер әкімшілік дереккөздер пайдаланылса, сондай дереккөздерді сипаттау
Әкімшілік және (немесе) балама дереккөздерін (қолданылған жағдайда) сипаттаңыз

S.18.2

Деректерді жинау кезеңділігі

FREQ_COLL

Бастапқы деректерді жинау жүргізілетін кезеңділігі

Деректерді жинаудың жиілігін көрсетіңіз (мысалы, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын немесе тұрақты негізде).

S.18.3

Деректерді жинау

COLL_METHOD

Ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін деректерді жинаудың жүйелі процесі

Бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік, және (немесе) балама деректерді дереккөзден жинау немесе алу үшін пайдаланылатын әдістерді сипаттаңыз.

S.18.4

V1. Деректердің анықтылығы

DATA_VALIDATION

Анықтылық-зерттелетін құбылыстардың нақты қасиеттері мен заңдылықтарын көрсететін модельденген саланы сипаттайтын деректердің сенімділігі мен дұрыстығын сипаттайтын сапа өлшемшарттары.
Деректерді қалыптастыру нәтижелерін мониторингтеу және нәтижелердің сапасын қамтамасыз ету процесі

Анықтылықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларды сипаттаңыз:
- автоматтандырылған және сараптамалық тексерулер;
- бақылау арақатынасы;
- валидация рәсімдері;
- деректерді верификациялау;
- деректерді басқа ресми көздермен салыстыру;
- жалпы жиынтықты қамтуды және қатысқан респонденттердің үлесін талапқа сәйкестігін тексеру;
- деректердің келіспеушілігін талдау;
- микро-және макродеректерді редакциялау.
Қолданылатын қателерді бақылау құралдарын, соның ішінде форматты-логикалық бақылауды және аномалияларды анықтау немесе жою әдістерін көрсетіңіз.
Респонденттерге және (немесе) деректердің анықтығын қамтамасыз ететін әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылау жүргізу рәсімдерін көрсетіңіз

S.18.5

U1. Деректердің бірегейлігі

DATA_UNIQUENESS

Бірегейлік-деректердің қайталануын болдырмау дәрежесін сипаттайтын және олардың бірегейлігін және статистикалық жұмыстар жоспарының шегінде біркелкілігін қамтамасыз ететін сапа өлшемшарты

Сапа бойынша есептің мәні болып табылатын ресми статистикалық ақпарат статистикалық жұмыстар жоспары шегінде басқа зерттеулермен қайталанатынын көрсетіңіз.
Көрсеткіштердің қиылысу, бір респонденттерден бірдей деректерді қайта жинау, сондай-ақ басқа көздерде бірдей деректер жиынтығының қатар болуы жағдайларын көрсетіңіз.
Қайталануды жою үшін қабылданатын шараларды сипаттаңыз-жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын біріздендіру, әдістемелерді үйлестіру, ұлттық анықтамалық ақпараттың ортақ идентификаторлары мен элементтерін пайдалану.
Бірдей деректерді бірнеше рет жинауды болдырмайтын әкімшілік дереккөздер мен ұлттық статистикалық регистрлерді пайдалану дәрежесін сипаттаңыз.

S.18.6

A7. Импутация

DATA_COMP/ IMPUTATION_RATE

Қалып қойған, дұрыс емес немесе тұрақты емес мәндерді басқа мәндермен ауыстыру процесі, мәндердің жалпы санына ауыстыру саны

Импутация рәсімдерін (әдісін) сипаттаңыз

S.18.7

Түзету

ADJUSTMENT

Деректерді ұлттық немесе халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өзгерту үшін немесе айқындалған деректер жиынтығын компиляциялау кезінде деректер сапасындағы айырмашылықты жою ушін пайдаланылатын рәсімдер жиынтығы

Түзетуге жататын уақытша қатарларды және уақытша қатарларды түзету үшін пайдаланылатын статистикалық рәсімдерді сипаттаңыз (мысалы, маусымдық ауытқуларға түзетулер, уақытша қатарларды декомпозициялау, немесе басқа ұқсас әдістер).
Түзету түрі (мысалы, маусымдық ауытқуларға түзету, күнтізбелік, тренд-цикл) және, егер қолданылған болса, пайдаланылатын күнтізбені көрсетіңіз.
"Шығарындылар" анықталған және ауыстыруды орындаған жағдайда, қандай "шығарындылар" анықталғанын (импульсті, уақытша өзгерістер, деңгейлердің жылжуын) көрсетіңіз.
Түзету үшін пайдаланылған бағдарламалық қамтамасыз етуді және оның нұсқасын сипаттаңыз.

S.18.7.1

Маусымдық түзету

SEASONAL_ADJ

Бағалық және маусымдық ауытқуларды деңгейлестіру (қолданылған жағдайда)

Маусымдық деңгейлестіру рәсімін сипаттау, қандай көрсеткіш бойынша, бағдарламалық пакет атауы, динамикалық қатардағы мәндер санын көрсетіңіз

S.19

Пікір

COMMENT_DSET

Қорытынды бөлім

Шешімдер, ұсынымдар, қорытындылар, ескертулер

  Ресми статистикалық
ақпараттың сапасын бағалау
әдістемеcіне 3-қосымша

Деректер сапасының жалпы қабылданған өлшемшарттарының тізбесі

Сапа өлшемшарты

Өлшемшарт индикаторы

Түсіндірме

1

Қолжетімділік және айқындылық

AC1. Ресми статистикалық ақпаратқа жолданымдар саны – сұрау салу

белгілі бір уақыт кезеңіне статистикалық сала ішіндегі ресми статистикалық ақпаратты қарау және (немесе) жүктеп алу саны.

AC2. Метадеректер – жолданымдар

осы уақыт кезеңіне статистикалық сала шегінде метадеректер бойынша өтініштер саны.
"Жолданымдар саны" дегеніміз метадеректер файлы қанша рет қаралғанын білдіреді

2

Өзектілік

R1. Деректердің толықтығы – үлес

қолда бар деректер ұяшықтары санының қажетті деректер ұяшықтары санына қатынасы (бұл индикатор Еуропалық статистикалық жүйе деңгейінде қаулы немесе нормалар/нұсқаулар болған жағдайда ғана қолданылады)

3

Дәлдік

A1. Іріктеу қатесі – индикаторлар

салыстырмалы стандартты қате (қемшілігі), вариация коэффициенті немесе сенімділік аралығы (статистикалық тіркелімдерді қоспағанда)

A2. Қамтуды арттыру – көрсеткіш

бас жиынтықтан алынған, бірақ іріктемелі жиынтыққа жатпайтын бірліктер саны.

A3. Ортақ бірліктер – үлес

зерттеумен де және (немесе) әкімшілік және (немесе) баламалы дереккөздермен де қамтылған бірліктердің арақатынасы

A4. Жоқ бірліктер – үлес

ақпараты жоқ немесе қолданылмайтын ақпараты бар бірліктер санының қамтылатын (сәйкес келетін) бірліктер санына қатынасы

A5. Жауаптың болмау тармағы – үлес

нақты бір тармаққа жауап бермеген қамтылған бірліктердің жалпы санына қамтылған бірліктердің қатынасы

A6. Деректерді қайта қарау – орташа көлем

бұрын бекітілген және жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа кез келген өзгерістер енгізу (негізгі көрсеткіштің кейінгі және ерте есептеу арасындағы айырмашылық)

A7. Импутация – үлес

мәндердің жалпы санына ауыстырылған мәндер саны

4

Уақтылылығы

TP1. Уақыт кезеңі – алдын ала нәтижелер

есепті кезеңнің соңғы күнінен бастап алғашқы нәтижелер жарияланған күнге дейінгі күндер (апталар немесе айлар) саны

TP2. Уақыт кезеңі – түпкілікті нәтижелер

есепті кезеңнің соңғы күнінен бастап толық және түпкілікті нәтижелер жарияланған күнге дейінгі күндер (апталар немесе айлар) саны

TP3. Ресми статистикалық ақпаратты ұсыну және жариялау мерзімдерін сақтау

ресми статистикалық ақпаратты Тарату графигіне сәйкес ресми статистикалық ақпараттың нақты жарияланған күні мен жоспарланған күн арасындағы уақыт кезеңі

5

Бірегейлік

U1. Қайталанатын жинау

ағымдағы кезеңдегі статистикалық жұмыстар жоспарының шеңберінде шығарылатын ресми статистикалық ақпарат көрсеткіштерінің басқа жарияланатын деректермен сәйкес келу саны

6

Анықтық

V1. Деректердің анықтығы

дұрыс емес деректерді ұсынған респонденттердің саны

7

Өзара байланыстылық және салыстырмалылық

Ағымдардың айналы статистика бойынша ассиметриясы – коэффициент CC1.

елдер арасында кіріс және шығыс ағымдардың айырмашылығы немесе абсолютті айырмашылығы, осы екі мәннің орташа мәніне бөлінеді (сауда, көші-қон және төлем балансының статистикасына тән)

Салыстырмалылық уақыт қатарларының ұзақтығы - CC2

соңғы үзілістен бастап уақыт қатарындағы есепті кезеңдердің саны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады