"Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 157 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет кірістерін болжау әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жергілікті бюджетке кірістерді болжау астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен Әдістеме негізінде жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына кірістерді болжау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) макроэкономикалық көрсеткіштері және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары номиналды мәнде пайдаланылады.";

      26-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым;";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен берілетін трансферттер (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алып қоюлар) Бюджет кодексінің 80-бабына сәйкес есептеледі.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қазақстан Республикасының азаматтарына пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жерді және материалдық емес активтерді, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді болжау уәкілетті органның деректері бойынша немесе болжанатын жылы инфляция деңгейіне түзетілген ағымдағы қаржы жылының күтілетін түсімін бағалау негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      47. Республикалық бюджеттен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттер Бюджет кодексінің 80-бабына сәйкес есептеледі.".

      17-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      29-тармақтың бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      30-тармақтың бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      32-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      37-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      49-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      52-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      53- тармақтың жетінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      54-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      56-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      58-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      60-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      61-тармақтың он төртінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      62-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      66-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      71-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      74-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы
А. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады