"Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Т. Исабаев |
"2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "____"_____________№_______қаулысына КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Әкімдік мүшелері:
_______________ Д. Капсултанов
_______________ К. Муратова
_______________ Р. Валеев
_______________ А. Мырзахметова
_______________ С. Завощенко
_______________ А. Шматко
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ Р. Баймурзин
"___"________________ 2026 жыл
| Федоров ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "___" ___________ | |
| № ____ қаулысына | |
| қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Үлгісі | Айына 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) | Күніне 1 көрсетілетін қызметтерді алушыға тариф (теңгемен) |
1 | "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | үй жағдайында | 63353,88 | 3016,85 |
Ескерту:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекемесі