"Сарыкөл ауданы әкімінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 73 "Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 27 қаулысы

      Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыкөл ауданы әкімінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 73 "Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі М. Шымырбеков

  Әкімдіктің
  2026 жылғы "16" наурыздағы
  № 27 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2022 жылғы "13" мамырдағы
  № 73 қаулысымен
  бекітілген

"Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы бөлімі) ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ауыл шаруашылығы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Ауыл шаруашылығы бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі..

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Свобода көшесі, 1.

      10. Осы Ереже Ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер ауыл шаруашылығы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету, Агробизнес жүйесін тиімді дамытуды қалыптастыру;

      3) ауданның агроөнеркәсіптік секторының ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

      14. Өкілеттіктері: "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

      15. Құқықтары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;

      2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      16. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасын әзерлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;

      3) мал басының сақталуын және өнімділігін арттыруға бағытталған іс – шараларды әзірлеу; ауылдық округтерде меншіктің барлық нысандарында және жеке қосалқы албарларда жануарлар мен құстардың барлық түрлерінің қозғалысын ақпараттық – талдау жұмыстары мен мониторингін орындау;

      4) ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері арқылы ауданның агроөнеркәсіптік кешенімен басқару функцияларын жүзеге асыру;

      5) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімші болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттарының пайдалануын қамтамасыз ету;

      6) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      7) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      8) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

      9) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне Маркетинг, менеджмент саласында және мемлекеттік бағдарламалардың электрондық жүйелерімен жұмыс істеуде жәрдем көрсетеді.

      10) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындауы кезінде жәрдем көрсету;

      11) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы мәліметтерді облыстардың жергілікті атқарушы органдарына оларды мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін ұсыну.

      12) Сарыкөл ауданында балық аулауды, акваторияны дамыту мониторингін жүзеге асырады.

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ басшылықты "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ басшысын Cарыкөл ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      20. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін білдіреді;

      2) "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерді тағайындайды, босатады, тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Cарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шарушылық бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады