Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109;
2) Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109 "Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 147.
2. "Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкөл ауданының әкімі | М. Шымырбеков |
| Қосымша | |
| әкімдіктің қаулысына | |
| 2026 жыл "___" __________ | |
| № ____ |
Сарыкөл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109 қаулысы;
2) Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 109 "Сарыкөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 147 қаулысы.
