"Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылғы 5 қаңтарға дейін Қостанай облысы Науырзым ауданының аумағында орналасқан "Мамыркөл" кен орны шегіндегі жер учаскесіне 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 4241-EL лицензиясы негізінде (блок M-41-7-(10г-5в-21), M-41-19-(10а-5а-1), жоғарыда аталған блок шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу және геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс жоспарлау үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің орынбасары М.С. Мырзабековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Аудан әкімі | М. Ихтиляпов |
