Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 41-Ө бұйрығы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Киіктердің дериваттарын (мүйіздерін) таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлігіне 911 (тоғыз жүз он бір) теңге мөлшерінде айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады