"Kaz Tas Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Белозер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Kaz Tas Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аумақта орналасқан ауданы 207,73 гектар қатты пайдалы қазбаларды барлауға шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Белозер ауылдық округі. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған Лицензия 09.12.2025 жылғы № 3871-El, N-41-115 блок (10а-5б-24).

      2. "Белозер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белозер ауылдық округінің әкімі К. Кубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады