Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің eрежелерін бекіту туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі № 522 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 - тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20) тармақшалармен толықтырылсын:
"19) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды және әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;
20) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді".".
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай ауданының әкімі | О. Нургалиев |
