Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 62 "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысы

      Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 62 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшымен толықтырылсын:

      "15) құрылыспен аяқталған объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беру".

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады