Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Қамысты ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары таза кірістің бір бөлігін мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін.
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Е. Жаулыбаев |