Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 11 қаулысы

      Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданы әкімдігінің "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) қараусыз қалған жануарларының санын реттеу бойынша іс-шараларды жүргізу.".

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауға және Эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдауын;

      3) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қамысты ауданының әкімі Е. Жаулыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады