"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жітіқара ауданы Пригородный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің "Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2024 жылғы 11 наурыздағы № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара ауданы Пригородный ауылының әкімі | Ж. Идильбаев |
