Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) негізделе отырып, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелі бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Сартов |
| Алтынсарин ауданы әкімдігі | |
| қаулысының жобасына | |
| қосымша | |
| № ___ | |
| 2026 жыл "__" ___________ |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Түрі | Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) | Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) |
1 | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 100 738,62 | 4579,028 |