Қала әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 264 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 350 қаулысы

      Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 264 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Арқалық қаласы аумағында гемодиализ алатын "Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) V сатысы (терминалдық)" диагнозы бар тұлғалар инватакси қызметін алушылардың санатымен кеңейтілсін";

      мынадай мазмұндағы 1-2. тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Жұмыс істемейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ай сайынғы жол жүру сағаттарының саны 15 сағатқа дейін ұлғайтылсын, яғни қосымша 9 сағат берілсін".

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады