"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 25 тамыздағы | |
| № 254 қаулысына | |
| 1-қосымша |
Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Тұтыну нормалары |
1 | Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда | бір адамға шаққандағы текше метр | 13,3 |
2 | Пәтерде газ плитасы және газдық суқыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда) | бір адамға шаққандағы текше метр | 25,8 |
3 | Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газдық суқыздырғыш болмаған жағдайда | бір адамға шаққандағы текше метр | 15,5 |
4 | Тұрғын үй-жайларды (жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, бөлмелерді) жеке (пәтерлік) жылыту. | бір адамға шаққандағы текше метр | 14 |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 25 тамыздағы | |
| № 254 қаулысына | |
| 2-қосымша |
Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Тұрғын үй түрі | Өлшем бірлігі | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан |
1 | 1-бөлмелі жатақхана | кВт | 164,1 | 144,6 | 155,1 | 144,6 | 146,7 | 141,0 | 145,5 | 147,9 | 146,4 | 158,1 | 157,8 | 165,9 |
2 | 1-бөлмелі | кВт | 237,9 | 200,4 | 201,9 | 173,4 | 168,3 | 159,0 | 163,5 | 173,1 | 180,6 | 213,9 | 226,2 | 245,1 |
3 | 2-бөлмелі | кВт | 287,1 | 237,6 | 233,1 | 192,6 | 182,7 | 171,0 | 175,5 | 189,9 | 203,4 | 251,1 | 271,8 | 297,9 |
4 | 3-бөлмелі | кВт | 311,7 | 256,2 | 248,7 | 202,2 | 189,9 | 177,0 | 181,5 | 198,3 | 214,8 | 269,7 | 294,6 | 324,3 |
5 | 4-бөлмелі | кВт | 336,3 | 274,8 | 264,3 | 211,8 | 197,1 | 183,0 | 187,5 | 206,7 | 226,2 | 288,3 | 317,4 | 350,7 |
6 | 5-бөлмелі | кВт | 360,9 | 293,4 | 279,9 | 221,4 | 204,3 | 189,0 | 193,5 | 215,1 | 237,6 | 306,9 | 340,2 | 377,1 |
7 | 6-бөлмелі | кВт | 410,1 | 330,6 | 311,1 | 240,6 | 218,7 | 201,0 | 205,5 | 231,9 | 260,4 | 344,1 | 385,8 | 429,9 |
Ескерту:
кВт – киловатт
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 25 тамыздағы | |
| № 254 қаулысына | |
| 3-қосымша |
Қостанай облысында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормасы бойынша: | ||
сумен жабдықтау (оның ішінде): | су бұру | ||||
суық су | ыстық су | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Көшедегі су тарататын колонкалардан су тартылып алынатын тұрғын үй (ағын суды кәрізге ағызу арқылы) | 1 адамға тәулігіне литрден | 45 | - | 45 |
2 | Көшедегі су тарататын колонкалардан су тартылып алынатын моншасы бар тұрғын үй (ағын суды кәрізге ағызу арқылы) | 1 адамға тәулігіне литрден | 70 | - | 70 |
3 | Күрделі су құбыры бар кәрізсіз жеке жылытылатын тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 75 | - | - |
4 | Күрделі су құбыры бар кәрізсіз жеке жылытылатын және моншасы бар тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 90 | - | - |
5 | Скважинасы бар және ағын суды кәрізге ағызатын тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | - | - | 110 |
6 | Су құбыры, кәрізі бар, шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үй, сондай-ақ күрделі су құбыры және кәрізі бар ваннасыз тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 110 | - | 110 |
7 | Күрделі су құбыры, кәрізі (септигі) бар, газбен жабдықталған орталықтандырылған жылуы жоқ тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 120 | - | 120 |
8 | Күрделі су құбыры, кәрізі бар, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған, қолжуғыштармен, жуғыштармен және душтармен (табандық) жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 130 | 70 | 200 |
9 | Күрделі су құбыры, кәрізі бар, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталмаған, ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін суды жылу беру жүйесінен алған кезде пайдаланылатын қолжуғыштармен, жуғыштармен және душтармен жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 145 | - | 145 |
10 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары (моншалары) бар, қатты отынмен жұмыс істейтін су жылытқыштары (титан) бар тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 150 | - | 150 |
11 | Күрделі су құбыры, кәрізі, орталықтандырылған ыстық суы бар, қолжуғыштармен, жуғыштармен және отыратын ванналармен жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 165 | 110 | 275 |
12 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары бар, орталықтандырылған ыстық сумен, қолжуғыштармен, жуғыштармен және душтармен жабдықталған тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 180 | 120 | 300 |
13 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары (моншалары) және газбен су жылытқыштары бар тұрғын үй | 1 адамға тәулігіне литрден | 200 | - | 200 |
14 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары және моншалары бар, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған тұрғын үй (коттедж) | 1 адамға тәулігіне литрден | 220 | 150 | 370 |
15 | Күрделі су құбыры, кәрізі, ванналары, моншалары және бассейндері бар орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған тұрғын үй (коттедж), сондай-ақ көп нүктелі су тартылып алынатын және тез жұмыс істейтін су жылытқыштары бар коттедждер | 1 адамға тәулігіне литрден | 250 | 200 | 450 |
16 | Орталықтандырылған ыстық сумен, қолжуғыштармен, жуғыштармен жабдықталған, жалпы душтары бар тұрғын үйлер | 1 адамға тәулігіне литрден | - | 60 | 60 |
17 | Орталықтандырылған ыстық сумен, қолжуғыштармен, жуғыштармен жабдықталған, ваннасыз және душсыз (тек жуғыштары бар) тұрғын үйлер | 1 адамға тәулігіне литрден | - | 35 | 35 |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 25 тамыздағы | |
| № 254 қаулысына | |
| 4-қосымша |
Қостанай облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы |
1 | Жылу беру маусымы кезеңінде жылумен жабдықтау | айына Гкал/м2 | 0,032 |
Ескерту:
Гкал/м2 _ бір шаршы метрге гигакалория
