Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 240 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2026 жылғы 13 тамыздағы
  № 240 қаулысына
  қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Оқыту нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі)

Жоғары оқу орындарында бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

2026 жыл

2027 жыл

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В015 Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша мұғалімдер даярлау

4

403 240

604 860

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

4

403 240

604 860

2

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B021 Өнер

2

422 360

633 540

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

2

422 360

633 540

3

6B10 Денсаулық сақтау

6В101 Денсаулық сақтау

8

724 520

1 086 780

Барлығы

20



4

7R01 Денсаулық сақтау

7R011 Денсаулық сақтау

60

724 520

1 086 780

Барлығы

80




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады