"Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 192 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 144 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 192 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. "Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қайнекей көшесі, 1-ғимарат.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасынның Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады