"Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 221 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 106 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 221 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      комитетінің Қостанай облысының

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Су

      ресурстары және ирригация

      министрлігінің Су ресурстарын

      реттеу, қорғау және пайдалану

      комитеті Су ресурстарын қорғау

      және пайдалануды реттеу жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік су

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады