"Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 531 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 70 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 531 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Қостанай облысының даму жоспарын әзірлейді;

      4) Қостанай облысының даму жоспарына мониторинг жүргізеді;";

      14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "14) бюджеттік сұратуларды, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қарайды, бюджеттік сұратулар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде нысаналы индикаторлардың тізбесін және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нәтижелерін және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытындыны қалыптастырады;".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады