"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 37 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2026 жылғы 6 ақпандағы
  № 37 қаулысына
  1-қосымша
  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 23 қаулысына
  1-қосымша

Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен

Тәрбиеленушілердің саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

9 сағаттық режимдегі топта болу

10,5–12 сағаттық режимдегі топта болу

санаторлы топта

арнайы топтар

1

қала

19795

53890

58344

86250

103250

2

ауыл

5958

59600

64768

96957

116633

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2026 жылғы 6 ақпандағы
  № 37 қаулысына
  2-қосымша
  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 23 қаулысына
  2-қосымша

Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін/3 жастан бастап

9 сағаттық режимдегі топтар

10,5 сағаттық режимдегі топтар

12 сағаттық режимдегі топтар

1

2

3

4

5

1

Алтынсарин ауданы

3 жасқа дейін – 13828
3 жастан бастап – 16922

-

-

2

Амангелді ауданы

-

3 жасқа дейін – 11817
3 жастан бастап – 15747

-

3

Арқалық қаласы

3 жасқа дейін – 16240
3 жастан бастап – 19161

3 жасқа дейін – 20000
3 жастан бастап – 24000

3 жасқа дейін – 20800
3 жастан бастап – 25100

4

Әулиекөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 14151
3 жастан бастап – 18046

-

5

Бейімбет Майлин ауданы

3 жасқа дейін – 16500
3 жастан бастап – 19500

3 жасқа дейін – 18043
3 жастан бастап – 21089

-

6

Денисов ауданы

-

3 жасқа дейін – 15067
3 жастан бастап – 19362

-

7

Жангелдин ауданы

-

3 жасқа дейін – 13640
3 жастан бастап – 16500

-

8

Жітіқара ауданы

-

3 жасқа дейін – 17451
3 жастан бастап – 20865

-

9

Қамысты ауданы

3 жасқа дейін – 17820
3 жастан бастап – 21298

3 жасқа дейін – 17820
3 жастан бастап – 21298

-

10

Қарабалық ауданы

-

3 жасқа дейін – 16500
3 жастан бастап – 19900

-

11

Қарасу ауданы

-

3 жасқа дейін – 15272
3 жастан бастап – 18297

-

12

Қостанай ауданы

-

3 жасқа дейін – 16093
3 жастан бастап – 19479

3 жасқа дейін – 19696
3 жастан бастап – 23819

13

Қостанай қаласы

-

-

3 жасқа дейін – 20312
3 жастан бастап – 24020

14

Лисаков қаласы

-

3 жасқа дейін – 15902
3 жастан бастап – 20199

-

15

Меңдіқара ауданы

-

3 жасқа дейін – 15539
3 жастан бастап – 20557

-

16

Науырзым ауданы

-

3 жасқа дейін – 15500
3 жастан бастап – 19131

-

17

Рудный қаласы

-


3 жасқа дейін – 21587
3 жастан бастап – 23864

18

Сарыкөл ауданы

3 жасқа дейін – 14358
3 жастан бастап – 17173

3 жасқа дейін – 14358
3 жастан бастап – 17173

-

19

Ұзынкөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 15630
3 жастан бастап – 120620

-

20

Федоров ауданы

-

3 жасқа дейін – 15370
3 жастан бастап – 20156

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады