"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округінің Амантоғай ауылының құрамына енгізіле отырып, Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округінің Қарақұдық ауылы;
Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің Байғабыл ауылының құрамына енгізіле отырып, Амангелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылы;
Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Қарынсалды ауылының құрамына енгізіле отырып, Амангелді ауданы Тасты ауылдық округінің Горняк ауылы;
Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Қоскөл ауылы;
Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің Октябрь ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің Дәңгірбай ауылы;
Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің Москалев ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің Жалтыркөл ауылы;
Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Юльев ауылының құрамына енгізіле отырып, Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Шилі ауылы;
Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің Красносельское ауылының құрамына енгізіле отырып, Бейімбет Майлин ауданының Журавлев ауылы;
Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округінің Красносельское ауылының құрамына енгізіле отырып, Бейімбет Майлин ауданының Щербинов ауылы;
Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің Богородское ауылының құрамына енгізіле отырып, Бейімбет Майлин ауданының Мирное ауылы;
Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылдық округінің Түйемойнақ ауылы;
Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық округінің Тентексай ауылы;
Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Октябрь ауылы;
Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Станционное ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Фадеев ауылы;
Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Молодежное ауылы;
Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Ұзынағаш ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Байғожа ауылы;
Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қызылжұлдыз ауылы таратылсын.
2. Әулиекөл ауданының Москалев ауылдық округі Әулиекөл ауданының Москалев ауылы болып қайта құрылсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
| Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
