Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын белгілеу туралы" және Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрықтарына сәйкес, Қарақия аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 мамырдағы кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасы негізінде, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ш. Азирханов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Электронды бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарақия ауданының әкімі | С. Төретаев |