Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 18 ақпандағы № 43-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығы бекітілсін.

      2. Жерасты сулары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Н. Алдамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушының
2026 жылғы 18 ақпандағы
№ 43-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

1 бөлім. Кіріспе

      1. Осы Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі – Біліктілік анықтамалығы) кадрларды дұрыс іріктеуге және орналастыруға, олардың біліктілігін арттыруға, қызметкерлерді аттестаттауға, басшылар, мамандар арасындағы еңбек бөлінісіне ықпал етуге, сондай-ақ қызметкерлердің осы санаттарының лауазымдық міндеттерін және оларға еңбекақы төлеу санаттары бойынша қойылатын біліктілік талаптарын айқындауда бірыңғайлықты қамтамасыз етуге арналған.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген Ғылыми-техникалық сала басшылары мен мамандары, бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар және өзге де инженерлік-техникалық персонал лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 тіркелген) басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында айқындалған.

      3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыстардың тізімін нақтылауға жол беріледі және жұмыскерлерді қажетті арнайы даярлауға қойылатын талаптар белгіленеді.

      4. Біліктілік анықтамалығын Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі.

2 бөлім. Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1 тарау. Басшылардың лауазымдары

1-параграф. Бас агроном-агрохимик

      5. Лауазымдық міндеттері:

      ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды және химияландыру құралдарын, тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырушылық-технологиялық басқаруды жүзеге асырады;

      тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға талдау жүргізуді, тыңайтқыштармен егістік тәжірибелер жүргізуді ұйымдастырады және оларға қатысады;

      зерттеулер, экспресс-талдауларды, жүргізуді ұйымдастырады, жаңа әдістер апробациясын жүргізеді, жұмысқа зертханалық құрылғылар және құрал-жабдықтар дайындайды;

      топырақ құнарлылығының жай-күйі мен өзгеру серпінін бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      химияландырудың перспективалы және жылдық жоспарларын жасауға, ұйымдармен шарттар жасасуға және өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      сынақ жабдықтарын және өлшеу құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын сақтайды;

      материалдық-техникалық құралдарға, арнайы киімге және жеке қорғаныш құралдарына деген қажеттілікті айқындайды;

      талдаулардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

      белгіленген құжаттаманы, есеп және есептілікті жүргізеді;

      минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;

      ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені насихаттауды және ендіруді қамтамасыз етеді;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      агрохимиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен бақылауды, тыңайтқыштарды қолдану жоспарларын әзірлеуге, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын және өнім сапасын арттыру мақсатында зерттеулер жүргізуге жауапкершілік артады;

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді тиісті уәкілетті органдардың қабылдау қағидаларына сәйкес белгіленген қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33204 болып тіркелген) (бұдан әрі – Еңбекті қорғау нормалары).

      6. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, ұйымның өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агрохимияны, тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және енгізу технологиясын, тыңайтқыштарды талдау әдістерін, тыңайтқышқа арналған стандарттарды, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      7. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша бойынша жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес.

2-параграф. Бас геофизик

      8. Лауазымдық міндеттері:

      су шаруашылығы саласында геофизикалық зерттеулер мен жұмыстарды басқарады;

      геофизикалық бағдарламаларды жоспарлайды және олардың орындалуын бақылайды (оның ішінде ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер және басқа да әдістер);

      су нысандары мен жерасты суларының жағдайын бағалау үшін геофизикалық деректерді талдайды және интерпретациялауға қатысады;

      заманауи технологиялар мен геофизикалық зерттеу әдістемелерін енгізеді;

      бағынышты мамандар мен мердігер ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;

      есептер мен ұсынымдарды дайындауға қатысады;

      ұйымның барлық геофизикалық қызметіне жалпы басшылық жасауға, геологиялық барлау жұмыстарының сапасы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге, нормативтік талаптардың сақталуын бақылауға, сондай-ақ геофизикалық қызметтің жұмысын үйлестіруді, оның ішінде персоналды басқаруға, геофизикалық жұмыстарды жоспарлау мен қаржыландыруға, минералдық-шикізат базасының жай-күйін және өзге де геологиялық процестерді бағалау мен болжауға жуапкершілік артады;

      еңбекті қорғау, экологиялық және өндірістік қауіпсіздік нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      9. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын;

      кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызметін реттейтін нормативтік актілерді; жабдықтар, ғимараттар мен құрылысжайларды техникалық пайдалануға қатысты құжаттарды; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын; экономика, жоспарлау, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру негіздерін; инженерлік коммуникациялар мен өндірістік нысандарды техникалық бақылау, жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету талаптарын; автоматтандыру және цифрландырудың заманауи құралдарын; техникалық есеп пен бақылаудың ақпараттық жүйелерін; еңбек, әкімшілік және азаматтық заңнаманың негіздерін; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білуге тиіс.

      10. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      геофизика немесе оған жақын мамандық бойынша жоғары білім; геофизикалық зерттеулер саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі, оның ішінде басшылық тәжірибесі болуға тиіс.

3-параграф. Бас гидрогеолог

      11. Лауазымдық міндеттері:

      гидрогеологиялық-мелиорациялық жұмыстарды жүргізуге қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлейді;

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды және гидрогеологиялық-мелиорациялық, бұрғылау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады, деректер банкінің қалыптасуына әдістемелік бақылауды жүзеге асырады;

      тақырыптық және өндірістік есептерді дайындауға қатысады;

      далалық, іздестіру, камералдық және гидрогеологиялық-мелиорациялық

      жұмыстардың жүргізілуіне әдістемелік бақылауды жүзеге асырады;

      картографиялық материалдарды жасауға қатысады;

      далалық гидрогеологиялық-мелиорациялық жұмыстардың орындалу сапасын, бақылау және мониторинг ұңғымаларының техникалық жай-күйін бақылайды;

      семинарлар, тренингтер өткізуге, мақалаларды ұйымдастыруға және дайындауға қатысады.

      12. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет саласын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, сондай-ақ негізгі қызметпен сабақтас, оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама, экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын, есептеу техникасы, оларды пайдалану қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      13. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      гидрогеолог, су ресурстары және суды пайдалану, гидротехник инженері, гидролог, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, мелиорация бойынша инженер бағыттарында жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейін бойынша доктор); кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

4-параграф. Бас гидротехник

      14. Лауазымдық міндеттері:

      далалық гидрологиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын жасауға қатысады;

      мелиорациялық тексеру, гидрогеологиялық және гидрологиялық бақылаулар нәтижелерін камералдық өңдеуге қатысады;

      тақырыптық және өндірістік есептерді дайындауға қатысады;

      далалық гидрометриялық бақылаулардың орындалу сапасына, гидробекеттердің күтіп-ұсталуы мен техникалық жай-күйіне, сондай-ақ олардың камералдық өңделуіне жауапкершілік артады;

      мониторингтің деректер банкін қалыптастыру жұмыстарына қатысады;

      бюджеттік өтінімдерді дайындауға және қалыптастыруға қатысады, оларға есептеулер мен негіздемелер дайындауды қамтамасыз етеді.

      15. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет саласын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, сондай-ақ негізгі қызметпен сабақтас, оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама, экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдары, есептеу техникасы, оларды пайдалану қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      16. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      гидрогеолог, су ресурстары және суды пайдалану, гидротехник инженері, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, мелиорация бойынша инженер бағыттарында жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейін бойынша доктор); кәсіби қызмет бағыты бойынша жыл жұмыс кемінде 3 (үш) өтілі.

5-параграф. Бас экономист

      17. Лауазымдық міндеттері:

      қаржы құралдарының, материалдық және еңбек ресурстарының қызметіне экономикалық талдау жүргізеді;

      еңбекақы төлеу қорының жұмсалуына, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша есептеулердің ұйымдастырылуына және дұрыстығына талдау жүргізеді;

      республикалық бағдарлама бойынша жылдық бюджеттік өтінімдерді дайындауды қамтамасыз етеді;

      бюджеттік өтінімдерді МЖАЖ (БЖ) электрондық түрде қалыптастыруды жүзеге асырады;

      қаржылық, материалдық және еңбек шығындары бойынша қажетті есептеулерді орындайды;

      шарттардың орындалуы мен міндеттемелердің орындалу мерзімдерін бақылайды;

      бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарлауға, бюджеттік өтінімдерді дайындауға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады;

      қаржыландырудың өндірістік-шаруашылық жоспарларын және мемлекеттік сатып алу жоспарларын дайындауға және қарауға, басқаруды ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, сондай-ақ жоспарлы және есептік құжаттаманы енгізуге қатысады.

      18. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Салық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      ұйымның экономикалық, қаржылық, салықтық, бюджеттік және шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; бухгалтерлік есеп, салық салу, бюджеттеу және қаржылық талдау негіздерін; экономикалық көрсеткіштерді жоспарлау және болжау әдістері; еңбек және еңбекақы бойынша нормативтік құжаттар; еңбек, азаматтық және әкімшілік заңнама негіздерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды білуге тиіс.

      19. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, бизнес және басқару немесе өзге де сабақтас экономикалық бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

6-параграф. Негізгі қызметтердің бас инженері

      20. Лауазымдық міндеттері:

      ағымдағы және капиталды жөндеу мен ғимараттар мен құрылысжайларды реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге арналған ақаулы актілерді дайындауды және сметаларды құруды қамтамасыз етеді;

      ғимараттар мен құрылысжайларды ағымдағы және капиталды жөндеу, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру бойынша жылдық жоспарларды қалыптастырады;

      ғимараттар мен құрылысжайларды күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі барлық құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындауға, құрылыс, өрт қауіпсіздігі және санитариялық нормалардың сақталуына жауапкершілік артады;

      ғимараттар мен құрылысжайларды жөндеу-құрылыс жұмыстары бойынша шарттардың орындалуын сүйемелдейді;

      ғимараттар мен құрылысжайларды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар актілерін қабылдауға қатысады;

      кеңселерде ағымдағы құрылыс жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарының тізімін жасайды;

      жылу-, энергия- және сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жұмыстарына бақылау жүргізеді;

      жыл сайынғы өндірістік есепті жасауға қатысады;

      бюджеттік өтінімдерді жасауға қатысады.

      21. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      кәсіпорынның (ұйымның) өндірістік-техникалық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; жабдықтарды, ғимараттар мен құрылысжайларды техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидалар мен нормалар; экономика, еңбекті жоспарлау, ұйымдастыру және өндірістік процестерді басқарудың негіздерін; инженерлік коммуникацияларды, өндірістік объектілер мен жабдықтарды техникалық бақылау, жөндеу, пайдалану және оларға қызмет көрсету бойынша талаптарды; өндірістік процестерді автоматтандыру мен цифрландырудың қазіргі заманғы құралдарын, техникалық есепке алудың ақпараттық жүйелерін; еңбек, әкімшілік және азаматтық заңнаманың негіздерін; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білуге тиіс.

      22. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      энергетика, механика, құрылыс, инженерлік жүйелерді пайдалану, саланың технологиялары, автоматтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, жылу техникасы немесе сабақтас мамандықтардың бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім және бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

7-параграф. Облыстық маңызы бар РММ бөлімінің басшысы

      23. Лауазымдық міндеттері:

      мониторинг объектілері бойынша жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      картографиялық материалдарды дайындауға және мониторинг деректер базасын қалыптастыруға қатысады;

      бөлім қызметкерлеріне басшылық жасайды;

      тақырыптық және аймақтық есептерді дайындауға қатысады;

      бюджеттік өтінімдерге есептеулер мен негіздемелерді дайындауға қатысады;

      материалдық құндылықтарды есепке алуды, қозғалысын бақылауды және материалдық есептерді құруды жүзеге асырады;

      тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспарын құрастыруға қатысады;

      семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ мақалаларды дайындауға қатысады;

      бөлім қызметінің аумағындағы суармалы жерлерді уақытында және сапалы мониторинг жүргізуге, сондай-ақ далалық гидрогеологиялық, гидрологиялық, топырақ-мелиоративтік және зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауға жауапкершілік артады.

      24. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет саласын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, сондай-ақ негізгі қызметпен сабақтас, оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама, экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын, есептеу техникасы, оларды пайдалану қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      25. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      гидрогеолог, су ресурстары және суды пайдалану, гидротехник инженері, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, мелиорация бойынша инженер бағыттарында жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейін бойынша доктор); кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

8-параграф. Су саласындағы ұйымның (филиалдың) басшысы

      26. Лауазымдық міндеттері:

      су шаруашылығы ұйымының (филиалының) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      ұйымның (филиалдың) мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады;

      ұйымның банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісім шарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз етеді;

      қазіргі заманғы техника мен озық технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;

      ұйымды (филиалды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      ұйымның (филиалдың) қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;

      ұйымның (филиалдың) штат кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік балансын бекітеді;

      қызметкерлерге жалақыны уақытылы және толық көлемде төлеуді қамтамасыз етеді;

      ұйымның (филиалдың) ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымын, жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

      ұйымның (филиалдың) қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

      сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда ұйымның (филиалдың) мүліктік мүдделерін қорғайды;

      ұйым (филиал) қызметкерлерінің қосымша кәсіптік білім алуын (біліктілігін арттыру, кәсіптік қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      ұйымның (филиалының) қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін орындауын және ішкі еңбек тәртібі ережелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады;

      конференциялар, семинарлар, көрмелерге қатысады;

      өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды алдын алу шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шараларды жүзеге асыруға жеке жауапкершілік алады.

      27. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін және экономиканы дамытудың басым бағыттары мен экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; қызметтің су саласын ұйымдастыру (филиал) мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; ұйымның (филиалдың) мамандануы мен құрылымының ерекшеліктерін; кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасау және келісу тәртібін, ұйымға (филиалға) иелік ету және оны басқару әдістерін, су шаруашылығының тиісті саласындағы ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді білуге тиіс.

      28. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      гидрогеолог, су ресурстары және суды пайдалану, гидротехник инженері, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, мелиорация бойынша инженер бағыттары бойынша жоғары білім (магистратура, философия PhD докторы, бейін бойынша доктор); басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

9-параграф. Су саласындағы ұйым (филиал) басшысының орынбасары

      29. Лауазымдық міндеттері:

      құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімшенің негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      ұйым саясатын, ұйым қызметінің мәні болып табылатын проблемалар бойынша даму стратегиясын айқындауға және іске асыруға қатысады;

      іс-шаралар жоспарларын, нұсқаулық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге басшылық етеді;

      ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдайды;

      ұйымға келіп түсетін құжаттар мен материалдар бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

      бөлімше қызметінің мәні болып табылатын мәселелерді келісу үшін ұйымға түсетін құжаттардың жобалары бойынша қорытынды береді;

      басқарушылық шешімдердің іске асырылу барысын, оларды әдіснамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, жоғары тұрған басшылықпен қабылданатын өзге де құжаттарды талдайды;

      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған басқару органдарының қарауына баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер жобаларын енгізеді;

      ұйым қызметінің мәселелері бойынша семинарларды, кеңестерді, консультацияларды ұйымдастыруға және өткізуге басшылық етеді және тікелей қатысады;

      бағынысты бөлімшелер арасында лауазымдық міндеттерді бөледі;

      бағынысты қызметкерлерге тапсырмалар береді және олардың жұмыс нәтижелерін талдайды;

      бағынысты қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      уәкілетті мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша өзара өзара қызмет атқарады;

      материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жүргізеді;

      ұйымның басшылығына бөлімшенің жұмысын жетілдіру, бағынысты қызметкерлерді көтермелеу, жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

      бөлімше жұмысының нәтижелерін есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      бағынысты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шараларды жүзеге асыруға жеке жауапкершілік артады.

      30. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет саласын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді, сондай-ақ негізгі қызметпен сабақтас, оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама, экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын, есептеу техникасы, оларды пайдалану қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      31. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      гидрогеолог, су ресурстары және суды пайдалану, гидротехник инженері, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, мелиорация бойынша инженер бағыттарында жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейін бойынша доктор); кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 (төрт) жыл.

10-параграф. Су саласындағы ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      32. Лауазымдық міндеттері:

      құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, бөлімшенің негізгі міндеттері мен функцияларына сәйкес мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      ұйым саясатын, бөлімше қызметінің мәні болып табылатын проблемалар бойынша даму стратегиясын айқындауға және іске асыруға қатысады;

      іс-шаралар жоспарларын, нұсқаулық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге басшылық етеді;

      бөлімшенің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдайды;

      бөлімшеге келіп түсетін құжаттар мен материалдар бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды, олармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

      бөлімше қызметінің мәні болып табылатын мәселелерді келісу үшін бөлімшеге түсетін құжаттардың жобалары бойынша қорытынды береді;

      басқарушылық шешімдердің іске асырылу барысын, оларды әдіснамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, жоғары тұрған басшылық қабылдайтын өзге де құжаттарды талдайды;

      бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған басқару органдарының қарауына баяндамалар, ұсыныстар, шешімдердің жобаларын енгізеді;

      бөлімше қызметінің мәселелері бойынша семинарларды, кеңестерді, консультацияларды ұйымдастыруға және өткізуге басшылық жасайды және тікелей қатысады;

      бағынысты қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерді бөледі;

      бағынысты қызметкерлерге тапсырмалар береді және олардың жұмыс нәтижелерін талдайды;

      бағынысты қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен, бөгде ұйымдармен, ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен өзара қызмет жасайды;

      бөлімшенің материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпия болып табылатын ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жүргізеді;

      ұйымның басшылығына бөлімшенің жұмысын жетілдіру, бағынысты қызметкерлерді көтермелеу, жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

      бөлімше жұмысының нәтижелерін есепке алуды, белгіленген есептілікті жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      бағынысты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапкершілік артады.

      33. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет саласын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелер, сондай-ақ негізгі қызметпен сабақтас, оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама, экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдары, есептеу техникасы, оларды пайдалану қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.

      34. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      гидрогеолог, су ресурстары және суды пайдалану, гидротехник инженері, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, мелиорация бойынша инженер бағыттарында жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, PhD философия докторы, бейін бойынша доктор); кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

2 тарау. Мамандардың лауазымдары

1-параграф. Агрохимик

      35. Лауазымдық міндеттері:

      суармалы жерлерді топырақ-тұздық зерттеу жұмыстары бойынша жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді;

      топырақ құнарлылығын арттыруға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін ұлғайтуға бағытталған агрохимиялық іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

      өсірілетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылықтың топырақтық-климаттық жағдайларын, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың тиімділігін, химиялық қорғаныс заттарын, оларды қолдану тәсілдерін жүйелі түрде зерделейді және тыңайтқыштар мен басқа да химиялық заттардың қандай учаскелерде, қандай мерзімдерде және қандай мөлшерде қолданылу қажеттігін айқындайды;

      ауыспалы егістер, тыңайтқыштар мен химиялық заттарға деген қажеттілік және оларды пайдалану жоспарларын жасауға қатысады;

      агрохимиялық картограммалар жасауды ұйымдастырады, жыл сайын жұмыс кезеңінде оларды жекелеген ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша топырақ үлгілерін талдау негізінде түзетуді жүргізеді;

      жекелеген шаруашылық бөлімшелерінде өнім өндірісі жоспарын әзірлеуге қатысады;

      тыңайтқышты дайындауды және сақтауды, сондай-ақ белгіленген нормаларға сәйкес топыраққа енгізуді ұйымдастырады;

      тыңайтқыштар енгізу кезінде механикаландыруды және осындай жұмыстарды ұйымдастырудың озық тәжірибесін енгізуге қатысады;

      топырақтың, жемшөптің, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, минералдық, органикалық тыңайтқыштардың және басқа материалдың сынамаларын дайындауды жүзеге асырады;

      агрохимиялық зертхана қызметкерлерінің физикалық-химиялық зерттеулер, экспресс-талдаулар жүргізуін ұйымдастырады, химиялық талдаудың жаңа әдістерін байқаудан өткізуді, зертханалық қондырғыларды, аспаптарды және жабдықтарды жұмысқа дайындауды жүргізеді;

      талдаулар деректерін есептеуді және математикалық-статистикалық өңдеуді орындайды;

      тыңайтқыштармен және өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарымен тәжірибелік жұмыс жүргізеді, өсімдік шаруашылығы өніміне зиянды заттардың рұқсат етілгеннен жоғары деңгейде қосылғаны, өндірілген өнімнің сапасы үшін жауапкершілік артады;

      топырақ пен өсімдіктердің жағдайын зерттеуге, құнарлылықты және өнім сапасын арттыру шараларын әзірлеуге, тыңайтқыштар мен агрохимикаттарды қолдану жоспарларын құруға, жерлерді агрохимиялық тексеруден өткізуді, агрохимиялық карталарды жасауды және тыңайтқыштарды енгізу ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін оңтайландыруға жауапкершілік артады;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

      36. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, агрохимия саласындағы басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; топырақтануды, агрохимияны, топырақты зертханалық зерттеу технологиясын, өсімдік сынамаларын, тыңайтқыштарды, химиялық материалдарды, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды, улы химикаттарды, гербицидтерді қолдану саласындағы ғылым жетістіктерін және озық тәжірибені, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жер және еңбек заңнамасы негіздерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      37. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты агрохимик: жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және ІІ лауазымдағы агрохимик немесе агроном ретінде жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;

      ІІ санатты агрохимик: жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) өсімдік шаруашылығы және (немесе) мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары бойынша және кәсіптік қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес немесе техникалық кәсіби (арнаулы орта, орта кәсіптік) мамандықтар бойынша: агрономия және (немесе) фермерлік шаруашылық және (немесе) агрономия бағыты бойынша жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;

      санаты жоқ агрохимик: жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор өсімдік шаруашылығы және (немесе) мал шаруашылығы және (немесе) ветеринария бағыттары бойынша немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, орта кәсіптік) мамандықтар бойынша: және (немесе) агрономия мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

2-параграф. Бұрғылау жұмыстарының шебері

      38. Лауазымдық міндеттері:

      бұрғылау қондырғысын басқарады, бақылау ұңғымаларын бұрғылау және ағымдағы жөндеу кезінде түсіру-көтеру жұмыстарын орындайды;

      бұрғылау қондырғысын монтаждауды, бөлшектеуді, орнын ауыстыруды, жұмысқа дайындауды, орнатуды және реттеуді, оны орнату үшін алаңды жоспарлауды және тазалауды жүргізеді;

      бұрғылау жабдықтары мен аспаптарына қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асырады;

      қажетті бұрғылау жабдықтары мен тағы басқаларына өтінім береді;

      бақылау ұңғымаларын бұрғылау және жөндеу кезінде барлық ілеспе жұмыстарды орындайды, қорғаныс қоршауын жайластыру, ұңғыма алаңын бетондау және басқа;

      жұмыс орнын, құрылғыларды, құралдарды, бұрғылау жабдықтарын жинау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды орындайды;

      еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының қағидаларын сақтайды;

      еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге жауапкершілік артады;

      бекітілген автокөлік құралын күту және оған техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты орындайды.

      39. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды;

      бұрғылау жұмыстары және жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; бұрғылау қондырғыларын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша нұсқаулықтарды, техникалық регламенттерді, әдістемелік және нормативтік құжаттарды; бұрғылау жабдықтары мен механизмдерінің құрылымын, іс-қимыл жасау қағидаларын, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелері; әртүрлі типтегі (инженерлік-геологиялық, су жинау, мелиоративтік және басқа) бұрғылау жұмыстарын жүргізудің технологиясы мен тәртібі; пайдаланылатын бұрғылау құралдары мен материалдарының түрлері мен ерекшеліктерін; бұрғылау кезіндегі техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі қағидаларын; ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын білуге тиіс.

      40. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік білім.

      Мамандығы: бұрғылау жабдықтары мен қондырғыларын пайдалану, бұрғылау ісі, құрылыс, жол және мелиорациялық машиналар мен жабдықтар (немесе бұрғылау жұмыстарына байланысты өзге де сабақтас мамандық).

      Біліктілігі: бұрғылау қондырғысының машинисті.

      Еңбек өтіліне қойылатын талаптар: тиісті білімі мен (қажет болған жағдайда) рұқсаты (қауіпсіздік техникасы мен жабдықты пайдалану бойынша куәлік) болған кезде еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.

      5 (бесінші)-разрядты суға арналған станоктардың техник-бұрғылаушысы: орта кәсіби білім және 4 (төртінші)-разрядты бұрғышы ретінде кемінде 1-2 (бір – екі) жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

3-параграф. Бұрғылаушы-техник

      41. Лауазымдық міндеттері:

      су ұңғымаларын барлау және пайдалану кезіндегі бұрғылау жұмыстарына қатысады;

      бұрғылау жабдықтары мен құрал-саймандарға қызмет көрсетеді;

      бұрғылау жұмыстары бойынша техникалық құжаттаманы жүргізеді;

      бұрғылау сапасын және үлгілерді алуды бақылайды;

      еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалайды.

      42. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын;

      кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызметін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді; бұрғылау және гидрогеология негіздерін; су ұңғымаларын бұрғылау технологиясын; бұрғылау жабдықтарын пайдалану қағидаларын; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және экология нормаларын; еңбек, әкімшілік және азаматтық заңнаманың негіздерін; ішкі еңбек тәртібін білуге тиіс.

      43. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "ұңғымаларды бұрғылау" немесе соған жақын мамандықтар бойынша орта арнаулы білім; бұрғылау жұмыстары саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

      5 (бесінші)-разрядты суға арналған станоктардың бұрғылаушы-технигі: орта кәсіби білім және 4 (төртінші)-разрядты бұрғылаушы ретінде кемінде 1-2 (бір – екі) жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

      4 (төртінші)-разрядты суға арналған станоктардың техник-бұрғылаушысы: орта кәсіби білім немесе бастапқы кәсіби білім + біліктілікті арттыру, 3 (үшінші)-разрядты бұрғышы ретінде кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      3 (үшінші)-разрядты суға арналған станоктардың техник-бұрғылаушысы: бастапқы кәсіби білім немесе өндірісте оқыту, еңбек өтілі талап етілмейді.

4-параграф. Геодезист

      44. Лауазымдық міндеттері:

      су шаруашылығы нысандарына арналған геодезиялық өлшеулер мен түсірілімдер жүргізеді;

      жобалық шешімдерді бөлу және жерге көшіру жұмыстарын орындайды;

      құрылысжайлардың (бөгеттер, каналдар және басқа) деформацияларын мониторинг жасайды;

      далалық журналдарды жүргізеді және деректерді өңдейді;

      инженерлік ізденістер мен кадастрлық жұмыстарға қатысады;

      инженерлік-техникалық жұмыстарға (өлшеу, объектілерді белгілеу, мониторинг) және құжаттамалық қамтамасыз етуге (карталар, жоспарлар және есептерді дайындау) жауапты, сондай-ақ жабдықтың жай-күйі, нормативтік талаптардың сақталуы және объектідегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      45. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын;

      кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызметін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді; топография, картография, геодезия және маркшейдерлік іс негіздерін; аспаптарды қолдану әдістерін (тахеометрлер, нивелирлер, GPS-қабылдағыштар); геодезия мен жерге орналастыру саласындағы нормативтік құжаттарды; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және экология нормаларын; еңбек, әкімшілік және азаматтық заңнаманың негіздерін; ішкі еңбек тәртібін білуге тиіс.

      46. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "геодезия және картография" мамандығы бойынша орта арнаулы немесе жоғары білім; жұмыстар саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.

5-параграф. Гидрогеолог

      47. Лауазымдық міндеттері:

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      суармалы жерлерге мониторинг жүргізуге қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды қамтамасыз етеді;

      далалық гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

      далалық материалдардың камералдық өңделуін жүзеге асырады және цифрлық, картографиялық материалдарды жасау мен мониторингтің деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмысқа қатысады;

      бюджеттік өтінімдерді дайындауға және қалыптастыруға қатысады, оларға есептеулер мен негіздемелер дайындауды қамтамасыз етеді.

      тақырыптық және өндірістік есептерді, ұсынымдарды, семинарларды, тренингтер мен мақалаларды дайындауға қатысады;

      далалық гидрогеологиялық бақылаулардың уақытында және сапалы орындалуын, сондай-ақ олардың камералдық өңделуін қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      48. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, мелиорация, мелиорациялық және мәдени-техникалық жұмыстарды өндіру технологияларын, мелиорациялық жұмыстар мен мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым мен озық тәжірибеге қол жеткізу мәселелері жөніндегі басшылықты, нұсқаулықты, нормативтік және әдістемелік материалдарды, жер заңнамасының негіздерін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін білуге тиіс.

      49. Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары санатты гидрогеолог‑маман: гидрогеология мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор және I санатты гидрогеолог‑маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санатты гидрогеолог-маман: гидрогеология мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор және II санатты гидрогеолог маманы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      II санатты гидрогеолог-маман: гидрогеология мамандығы бойынша жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистр, PhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      Санаты жоқ гидрогеолог-маман: мамандығы бойынша жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистр, PhD, бейіні бойынша доктор), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

6-параграф. Гидрогеолог-техник

      50. Лауазымдық міндеттері:

      далалық гидрогеологиялық жұмыстар мен ізденістер жүргізуді жүзеге асырады;

      дала материалдарын камералдық өңдеуді жүзеге асырады және цифрлық, картографиялық материалдарды жасау және мониторингтің деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысады;

      гидрогеологиялық жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      далалық гидрогеологиялық жұмыстар мен зерттеулерді уақытында және сапалы жүргізуге жауапкершілік артады.

      51. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мониторинг және гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізу, ұңғымаларды бұрғылау мәселелері бойынша басшылықты, нұсқаулықты, нормативтік және әдістемелік материалдарды, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша қағидаларды білуге тиіс.

      52. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары санатты гидрогеолог-техник: "гидрогеология" мамандығы бойынша орта-арнайы техникалық білім және I санатты техник-гидрогеолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

      I санатты гидрогеолог-техник: "гидрогеология" мамандығы бойынша орта-арнайы техникалық білім және IІ санатты техник-гидрогеолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

      II санатты гидрогеолог-техник: "гидрогеология" мамандығы бойынша орта-арнайы техникалық білім және санатты жоқ техник-гидрогеолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

      Санаты жоқ гидрогеолог-техник: бейіндік мамандық бойынша орта-арнаулы техникалық білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

7-параграф. Гидротехник

      53. Лауазымдық міндеттері:

      далалық мелиорациялық жұмыстардың жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылысжайлардың, ашық және жабық көлденең кәріз жүйелерінің техникалық жай-күйіне, суару және коллекторлы-кәріздеу арналарындағы теріс процестердің дамуына зерттеу жүргізеді, кәріз жұмысының тиімділігін бағалайды;

      суару жүйелеріндегі коллекторлы-кәріздеу ағысының шығыстарын өлшейді;

      суару каналдары мен коллекторлы-кәріздеу желісінен жерүсті суларының сынамаларын алады;

      далалық жұмыстардың нәтижелерін камералдық өңдеуді жүзеге асырады;

      өлшеу құралдары мен су өлшегіш бекеттерге метрологиялық тексеру жүргізуді ұйымдастырады;

      суару жүйелеріне түгендеу жүргізуге қатысады;

      су пайдалану жоспарларын, суару және суару нормаларын түзетуге қатысады;

      су үнемдеу технологияларын енгізуге және суару жүйелерінде суды есепке алу құралдарын жетілдіруге жәрдемдеседі;

      тақырыптық есептерді дайындауға қатысады;

      барлық далалық жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуы мен зерттеу нәтижелерін камералдық өңдеуге жауапкершілік артады.

      54. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылысжайларды техникалық пайдалану саласындағы нормативтік құжаттарды, өлшеу құралдары мен аспаптарын техникалық реттеу мен стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің суды есепке алу жөніндегі ережелерді, жалпы нормаларды, қағидалар мен сипаттамаларды, өлшеу құралдарын тексеруді, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

      55. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты инженер-гидротехник (гидротехник): (гидромелиорация, су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бірінші санатты инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санатты гидротехник-инженер (гидротехник): (гидромелиорация, су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және екінші санатты инженер-гидротехник (гидротехник) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      II санатты гидротехник-инженер (гидротехник): (гидромелиорация, су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ гидротехник-инженер (гидротехник) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      санаты жоқ гидротехник-инженер (гидротехник): (гидромелиорация, су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе (гидромелиорация, жерді мелиорациялау және баптау, гидрология) мамандығы бойынша техникалық білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

8-параграф. Гидротехник-техник

      56. Лауазымдық міндеттері:

      суармалы жерлерге мониторинг жүргізуге қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      далалық, іздестіру, камералдық, сондай-ақ гидрологиялық және гидрогеологиялық жұмыстарды жүзеге асырады;

      далалық материалдардың камералды өңделуін жүзеге асырады;

      тақырыптық және өндірістік есептерді, ұсынымдарды дайындауға қатысады;

      су құрылысжайларын – бөгеттер, су қоймалары, каналдар, шлюздер, насос станциялары және сумен байланысты басқа объектілерді пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреттер шеңберінде гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздік ережелері мен экологиялық нормаларға сәйкес болуын қамтамасыз етуге жауапты, соның ішінде гидротехникалық құрылысжайлардың қауіптілік кластарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі бақылауды жүзеге асырады.

      57. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мелиорация, мелиорациялық және мәдени-техникалық жұмыстарды өндіру технологияларының мәселелері бойынша басшылықты, нұсқаулықты, нормативтік және әдістемелік материалдарды, мелиорациялық жұмыстар мен мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін, жер заңнамасының негіздерін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін білуге тиіс.

      58. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары санатты гидротехник-техник: "гидротехник" мамандығы бойынша орта-арнайы техникалық білім және I санатты гидротехник-техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

      I санатты гидротехник-техник: "гидротехник" мамандығы бойынша орта-арнайы техникалық білім және ІI санатты гидротехник-техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

      II санатты гидротехник-техник: "гидротехник" мамандығы бойынша орта-арнайы білім және санаты жоқ гидротехник-техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

      Санаты жоқ гидротехник-техник: бейіндік мамандық бойынша орта-арнайы техникалық білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

9-параграф. Гидролог

      59. Лауазымдық міндеттері:

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      суармалы жерлерге мониторингін жүргізуге қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын дайындауды қамтамасыз етеді;

      далалық гидрологиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;

      далалық материалдардың камералдық өңделуін жүзеге асырады, цифрлық, картографиялық материалдарды жасау және мониторингтің деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмысқа қатысады;

      бюджеттік өтінімдерді дайындауға және қалыптастыруға қатысады, оларға есептеулер мен негіздемелер дайындауды қамтамасыз етеді;

      тақырыптық және өндірістік есептерді, ұсынымдарды, семинарларды, тренингтер мен мақалаларды дайындауға қатысады;

      далалық гидрологиялық жұмыстардың уақытында және сапалы орындалуын, сондай-ақ олардың камералдық өңделуін қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      60. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      бөлімшенің (ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ұйымның міндеттері мен функцияларын және бөлімшенің қызмет саласын негізге ала отырып, тиісті білім саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді сондай-ақ негізгі қызметпен сабақтас, оның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама, экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын, есептеу техникасын, оларды пайдалану қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

      61. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары санатты гидролог:

      гидрология, су ресурстары, гидрометеорология немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және II санатты гидролог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санатты гидролог:

      гидрология, су ресурстары, гидрометеорология немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және II санатты гидролог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      II санатты гидролог:

      гидрология, су ресурстары, гидрометеорология немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және санаты жоқ гидролог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1(бір) жыл;

      санаты жоқ гидролог:

      гидрология, су ресурстары, гидрометеорология бағыты бойынша жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) немесе сабақтас мамандықтар бойынша жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

10-параграф. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер

      62. Лауазымдық міндеттері:

      қауіпсіз еңбек жағдайларын, қолданыстағы заңнаманың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрттен қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормалардың орындалуын бақылайды және қамтамасыз етеді;

      жұмысқа жаңадан қабылданғандар, іссапарға келгендер, өндірістік тәжірибе алуға келген студенттердің барлығына еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар өткізеді;

      қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе және қайталама нұсқамалар жүргізеді, арнайы киім мен басқа да жеке қорғаныс құралдарына өтінімдер дайындайды және олардың берілуіне бақылау жүргізеді;

      электр аспаптарының, көлік пен бұрғылау агрегаттарының, механизмдер мен жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды;

      қызметкерлерді төтенше жағдайлар мен ахуалдар туралы хабарландыру және ол жөнінде ақпарат беруді ұйымдастырады;

      ТЖ және АҚ штабының жұмысы туралы есепті деректерді дайындауды жүзеге асырады және белгіленген тәртіппен ұсынады;

      ТЖ және АҚ мәселелері бойынша қолданыстағы нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтардың, стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларын орындайды.

      ҚТ бөлімі бойынша жыл сайынғы өндірістік есепті жасауға қатысады;

      еңбек қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнаманы, нұсқаулықтарды, ережелер мен нормаларды сақтау арқылы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      63. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      еңбекті қорғау мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды; мекеменің өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымын; қолда бар жабдықтар мен оның жұмыс істеу қағидаттарын; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу әдістерін; еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды; экономика негіздерін және өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруды; жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін; еңбек заңнамасының негіздерін; ұйымдық техниканы пайдалану ережелерін, компьютерде жұмыс істеуді; еңбекті қорғау, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын білуге тиіс.

      64. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Білім деңгейі: жоғары білім, мамандығы: еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік немесе сабақтас бағыттар, еңбек өтіліне қойылатын талаптар: тиісті білімі мен (қажет болған жағдайда) рұқсаты (қауіпсіздік техникасы мен жабдықты пайдалану бойынша куәлік) болған жағдайда еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.

11-параграф. Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

      65. Лауазымдық міндеттері:

      мелиорацияланған жерлерді пайдалану бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысады;

      суару, құрғату және суландыру жүйелерін салу және реконструкциялау, құрғатуды қажет етпейтін жерлерде мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу жоспарларын жасайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      шаруашылық ішіндегі, суландыру, құрғату, суландыру желілерін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны әзірлеуге мамандандырылған жобалау ұйымдарын тартады;

      шаруашылық ішіндегі мелиоративтік желіні тұрақты техникалық жарамдылықта ұстау мақсатында оны жөндеуді және тазалауды қамтамасыз етеді;

      мелиорациялық жерлерді пайдалануға қабылдауға, сондай-ақ жерлерді жедел түрде жақсарту жұмыстарына қатысады;

      мелиоративтік желі мен гидротехникалық құрылысжайлардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      қолданыстағы нормалар мен ережелерді сақтай отырып, мелиорациялық машиналар мен суару техникасын сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      далалық мелиоративтік жұмыстардың уақытында және сапалы орындалуын, сондай-ақ олардың камералдық өңделуін қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      66. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мелиорация жөніндегі басшылықты, нұсқаулықты, нормативтік және әдістемелік материалдарды, мелиорациялық және мәдени-техникалық жұмыстарды өндіру технологияларын, мелиорациялық жұмыстар мен мелиорацияланған жерлерді пайдалану саласындағы ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін, жер заңнамасының негіздерін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін білуге тиіс.

      67. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман: (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және бірінші санатты мелиорация жөніндегі маман лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      І санатты жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман: (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және екінші санатты мелиорация жөніндегі маман лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      ІІ санатты жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман: (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және санатты жоқ мелиорация жөніндегі маман лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      санаты жоқ жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман: (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

12-параграф. Инженер-бағдарламашы

      68. Лауазымдық міндеттері:

      бағдарламалық жасақтаманы орнатуды және қолдауды қамтамасыз етеді;

      техниканың ақауларын, пайдаланушылар мен бағдарламалық жасақтаманының қателерін анықтайды;

      компьютерлік техниканың, жергілікті желілер мен желілік құрылғылардың үздіксіз жұмысын жасауын қамтамасыз етеді;

      компьютерлік техника, бағдарламалық жасақтама, желілік жабдық, антивирустық бағдарламаларды жаңалау бойынша ұсыныстар дайындайды;

      жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге қатысады;

      ақаулықтарды уақтылы анықтау және оларды жою мақсатында жабдықтарға тестілік тексерулер мен профилактикалық қарауларды жүргізеді;

      бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындауға қатысады;

      компьютерлік техника, жергілікті желілер, желілік құрылғылар және қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      69. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңын;

      Ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      Бағдарламалаудың заманауи тілдері және оларды кәсіби қызметте қолдану: бағдарламалық жүйелерді, дерекқорларды, серверлерді және клиент-серверлік қосымшаларды құру және олардың жұмыс істеу қағидаттарын; веб-әзірлеу, жүйелік және қолданбалы әзірлеуді, сондай-ақ мобильді қосымшаларды әзірлеу технологияларын (қажет болған жағдайда); бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу, жөндеу, интеграциялау және сүйемелдеу құралдары мен әдістерін; БЖ әзірлеу және сүйемелдеу бойынша стандарттарды, регламенттерді және әдістемелік ұсынымдарды; ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау негіздерін; жобалау және техникалық құжаттаманы жүргізу қағидаларын; ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын білуге тиіс;

      70. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік білім.

      Мамандығы: ақпараттық жүйелер, бағдарламалық жасақтама, қолданбалы информатика, есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама (немесе ақпараттық технологиялар саласындағы өзге де сабақтас мамандық) Біліктілігі: инженер-бағдарламашы.

13-параграф. Инженер-геофизик

      71. Лауазымдық міндеттері:

      далалық геофизикалық зерттеулерді жүргізеді (ұңғымалардағы каротаждық жұмыстар, электрлік барлау және басқа жұмыстар);

      арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып алынған деректерді өңдейді және талдайды;

      зерттеу нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы және есептерді дайындауға қатысады;

      геофизикалық жұмыстарды жобалауға қатысады;

      геофизикалық жабдықтарды қызмет көрсету және баптау жұмыстарын орындайды;

      басқа мамандармен (гидрогеологтар, гидротехниктер, гидрологтар және басқалар) өзара әрекеттеседі;

      геофизикалық зерттеулерді (ұңғымалық зерттеулерді қоса) жүргізуге, алынған деректерді талдауға, геологиялық есептерді дайындауға, жұмыстардың сапасын бақылауға, сондай-ақ геофизикалық зерттеу әдістемелерін әзірлеу және енгізуге жауапкершілік артады.

      72. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өндірістік-техникалық қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді; геофизика мен гидрогеология негіздерін, далалық және камералдық геофизикалық жұмыстар әдістерін геофизикалық аспаптарды пайдалану ережелерін, еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережелері мен нормаларын; еңбек, әкімшілік және азаматтық заңнаманың негіздерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін білуге тиіс.

      73. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      геофизика мамандығы бойынша жоғары білім; геофизикалық зерттеулер саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс өтілі.

14-параграф. Инженер-топограф

      74. Лауазымдық міндеттері:

      жергілікті жерде топографиялық түсірілімдер мен өлшеулер жүргізеді;

      топографиялық карталар мен жоспарларды құрастырады және жаңартады;

      деректерді ГИС-технологиялар және CAD бағдарламалары арқылы өңдейді;

      есептер мен жобалық құжаттаманы дайындауға қатысады;

      орындалған жұмыстардың сапасын бақылайды;

      су шаруашылығы нысандары үшін инженерлік ізденістерге қатысады;

      зерттелетін аумақтың топографиялық жоспарларын іздеу және таңдау, инженерлік іздестіру жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да ақпаратты ашық көздер мен картографиялық сервистерден алу, зерттелетін аумақтың қаншалықты зерттелгендігін анықтау және осы материалдарды (олардың ескіру мерзімін ескере отырып) тиісті тапсырмаларды шешуде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуге жауапты, сондай-ақ инженерлік-геодезиялық іздестірулер кезінде геодезиялық жұмыстарды орындау және топографо-геодезиялық жұмыстарды жүргізу саласындағы нормативтік-техникалық және нұсқаулық құжаттарды сақтау мен қолдануды жүзеге асыруға жауапкершілік артады.

      75. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын;

      кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; топография, картография және геодезия негіздерін; топографиялық түсірістің заманауи әдістерін (тахеометрия, GPS-технологиялар және т.б.); ГИС бағдарламалық жасақтамасын (ArcGIS, QGIS) және CAD (AutoCAD) құралдарын; геодезия мен жерге орналастыру саласындағы нормативтік құжаттарды; еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын, әкімшілік және азаматтық заңнаманың негіздерін; ішкі еңбек тәртібін білуге тиіс.

      76. Біліктілікке қойылатын талаптар: "геодезия және картография", "жер кадастры және жерге орналастыру" мамандықтары бойынша жоғары білім; топографо-геодезиялық жұмыстар саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

15-параграф. Комендант

      77. Лауазымдық міндеттері:

      ғимараттарды, сондай-ақ оларға жататын құрылысжайлар мен қоршаған аумақты тиісті тәртіппен күтіп ұстау бойынша жұмыстарға қатысады;

      тазалауды ұйымдастырады және ғимараттың ішкі бөлмелерінде тазалықтың сақталуын қадағалайды;

      оның қарамағындағы мүліктің сақталуын және ақаусыз күйде ұсталуын қамтамасыз етеді;

      әкімшілік-басқару персоналына арналған кеңсе және шаруашылық тауарларды қоймадан беру үшін өтінімдер жинайды;

      есік-терезелер, құлыптар, жалюздер, үй-жайлар мен ғимараттардың техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізеді;

      ұйым қызметкерлеріне кеңсе керек-жарақтарын, қосалқы жұмысшылар мен тазалаушыларға құрал-саймандар, шаруашылық қызмет көрсету заттарын алып береді және тиісті есепке алуды жүзеге асырады;

      өзіне сеніп тапсырылған мүлікті сақтау және оны дұрыс жағдайда ұстауға жауапкершілік артады.

      78. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңын;

      ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелерін; ғимараттарды, үй-жайларды және инженерлік жүйелерді пайдалану тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және өзге де құжаттарды білуге тиіс;

      79. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік немесе орта арнайы білім. Мамандығы: ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануды ұйымдастыру, жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу, менеджмент, нысандарды басқару, пайдалану және шаруашылық қызмет көрсетумен байланысты өзге де сабақтас мамандықтар. Біліктілігі: комендант (немесе әкімшілік-шаруашылық бөлімінің маманы). Жұмыс өтілі: бейіндік білім болған жағдайда еңбек өтіліне талаптар қойылмайды; бейіндік білім болмаған жағдайда әкімшілік-шаруашылық қызмет саласында жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл.

16-параграф. Қойма меңгерушісі

      80. Лауазымдық міндеттері:

      тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату бойынша қойманың жұмысын ұйымдастырады;

      жиналатын тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау режимдерінің, бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу және тапсыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;

      қойма операциялары мен белгіленген есептіліктің бухгалтерлік есебін жүргізеді;

      қоймада сақталатын тауарлық-материалдық құндылықтардың қауіпсіздігін, сақтау режимдерінің сақталуын, бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу және тапсыру тәртібінің орындалуын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      81. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" заңын;

      қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзге де нормативтік-техникалық материалдарды; тауар-материалдық құндылықтарды сақтау шарттарын; тауар-материалдық құндылықтардың түрлері, мөлшері, маркалары, сұрыптылығы және өзге де сапалық сипаттамалары және олардың шығыстарының нормаларын; тауар-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймада ұстау тәртібін, оларды есепке алу бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқарудың негіздерін; еңбек заңнамасын; ішкі еңбек тәртібі ережелерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін; өрт қауіпсіздігі талаптары және қойма мен логистикалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және босату қағидаларын; қоймада сақтау, есепке алу, түгендеу және есептілік нормаларын; қоймалық, тауарға ілеспе және есепке алу құжаттамасын рәсімдеу тәртібін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, қоймадағы өртке қарсы және санитарлық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; қойма шаруашылығы мен логистиканы ұйымдастыру негіздерін; қойма жабдықтары мен тиеу-түсіру тетіктерін пайдалану қағидаларын; ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын; еңбек заңнамасының және іскерлік қарым-қатынастың негіздерін білуге тиіс. Білім деңгейі: техникалық және кәсіптік білім, логистика, экономика, бухгалтерлік есеп, сақтауды ұйымдастыру және қойма шаруашылығы саласына артықшылық беріледі.

      82. Біліктілік талаптары:

      Білімі орта-арнайы немесе жоғары келесі мамандықтар бойынша: логистика, экономика, бухгалтерлік есеп, қойма шаруашылығы немесе сабақтас мамандықтар. Тиісті білім болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді. Мамандығы: бухгалтерлік есеп және аудит (экономика) қойма шаруашылығы және логистика мен тауарлық-материалдық құндылықтарды басқарумен байланысты өзге де сабақтас мамандықтар.

      Қызмет өтеліне қойылатын талаптар: қойма немесе қойма немесе логистика саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс — не болмаса, тиісті білімі және (қажет болған жағдайда) қауіпсіздік техникасы мен қойма ісі бойынша куәліктері (рұқсат құжаттары) бар үміткерлерге жұмыс өтеліне талап қойылмайды.

      Қойма меңгерушісі лауазымына тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орташа кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнаулы даярлығы бар адам тағайындалады, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

17-параграф. Механик

      83. Лауазымдық міндеттері:

      бұрғылау жабдықтарын, арнайы машиналар мен автокөлік құралдарын диагностикалауды, техникалық тексеруді жүргізеді;

      арнайы машиналар мен автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуді жоспарлайды және жүргізеді;

      техниканы жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеу кестесін жасайды;

      көлік құралдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер жасайды;

      техникалық және есептік құжаттарды жасайды;

      еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;

      бұрғылау жабдығының, арнайы техниканың және автокөліктердің барлық регламенттік процедураларының, сондай-ақ еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      84. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын техникалық пайдалануды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; автокөлік құралдарын, бұрғылау жабдықтары мен арнайы техниканы пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету бойынша басшылықты, нұсқаулықты, нормативтік және әдістемелік материалдарды; ұйымның балансындағы машиналардың, механизмдер мен жабдықтардың техникалық сипаттамаларын, құрылысы, жұмыс қағидаттарын, оларды пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын; өндірістік процестерді механикаландырудың заманауи технологиялары мен әдістерін; техниканы пайдалану бойынша техникалық құжаттаманы, есепке алу мен есептілікті жүргізу тәртібін; техника мен жабдықпен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын; еңбек заңнамасының негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білуге тиіс.

      85. Еңбек өтіліне қойылатын талаптар: тиісті білімі мен (қажет болған жағдайда) рұқсаты (қауіпсіздік техникасы мен жабдықты пайдалану бойынша куәлік) болған кезде еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.

      Білім деңгейі: Техникалық және кәсіптік білім.

18-параграф. Су ресурстары мен суды пайдалану жөніндегі маман

      86. Лауазымдық міндеттері:

      су шаруашылығы жүйелерін жобалауға және пайдалануға қатысады, гидротехникалық және су шаруашылығы құрылысжайларын салу және пайдалану кезінде есептерді, негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындайды;

      суармалы жүйелерде суды есепке алу мен суды бөлуді ұйымдастырады;

      су пайдалану және су бұру нысандарын жобалау үшін қажетті бастапқы деректерді айқындау бойынша далалық іздестірулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

      су ресурстары мен су шаруашылығы жүйелерінің жай-күйін мониторингілеу және бағалау бойынша жұмыстарды орындайды;

      су нысандарын пайдалану және қорғау бойынша нормативтік актілерді, ережелер мен есептерді әзірлеуге қатысады;

      су заңнамасының және су ресурстарын қорғау қағидаларының сақталуын тексеруді, табиғи сулардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, су пайдаланушылар арасындағы қатынастарды реттеуге қатысады;

      далалық іздестіру жұмыстарын уақытында және сапалы орындауға, сондай-ақ олардың камералдық өңделуін қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      87. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, ұңғылау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу технологиясын, су ресурстарын пайдалану саласындағы ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін, жұмыстың негізгі қағидаттары мен қолданылатын өлшеу аспаптарының сипаттамаларын, жалпы нормалар, қағидалар мен сипаттамаларды, өлшеу құралдарын тексеруді, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

      88. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман: (су ресурстары және су пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және бірінші санатты су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санаттағы су ресурстары және су пайдалану бойынша маман: (су ресурстары және су пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және екінші санаттағы су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      II санатты су ресурстары және су пайдалану бойынша маман: (су ресурстары және су пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор және санаты жоқ су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      санаты жоқ су ресурстары және су пайдалану жөніндегі маман: (су ресурстары және су пайдалану) мамандығы бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистр, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор немесе (су ресурстары және су пайдалану) мамандығы бойынша техникалық (арнаулы орта) білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

19-параграф. Техник-құрылысшы

      89. Лауазымдық міндеттері:

      су шаруашылығы кешені нысандары бойынша құрылыс және жөндеу жұмыстарын жоспарлауды, үйлестіруді және қадағалауды жүзеге асырады;

      су шаруашылығы нысандарында құрылыс және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды (жобалық құжаттамаға, нормативтер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін);

      мерзімдердің, бюджет пен материалдар мен жұмыстар сапасының сақталуын бақылайды; объектідегі қосалқы мердігерлер мен жұмысшыларды үйлестіреді;

      геофизик-инженерлермен, гидрогеологтармен, жобалық ұйымдармен, тапсырыс берушілермен және қадағалаушы органдармен өзара әрекеттеседі;

      орындалған жұмыстарды қабылдауға, тексеру актілерін және техникалық құжаттаманы дайындауға қатысады;

      объектідегі инженерлік коммуникациялар мен жабдықтың пайдаланылуын және техникалық жағдайын бақылайды;

      еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      объектідегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын дайындау бойынша техникалық шараларды орындауға, нұсқаулықтарды өткізуді жүргізуге, сондай-ақ әсіресе өз жұмыс учаскесінде осы нормалардың орындалуына тікелей жауап бере отырып, жарақаттар мен апаттардың алдын алу үшін электр қондырғылар мен тәуекелдерді басқару бөлігінде Қауіпсіздік техникасы ережелерін, сақтау арқылы жауапкершілік артады.

      90. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде техникалық реттеу бойынша негізгі ережелер мен талаптарды; гидротехникалық құрылысжайларды салу технологияларын; құрылыс жабдықтарын пайдалану қағидаларын; жобалық құжаттаманы, сызбаларды, чертеждерді оқи білу дағдыларын; еңбекті қорғау және табиғатты қорғау қызметі бойынша нормативтік базаны; су шаруашылығы жобалау және құрылыс жүргізудің негізгі әдістемелерін; жобаның қажеттілігіне қарай топография мен геодезия негіздерін; еңбек жоспарлауын, ұйымдастыруын, сапаны бақылауды, құжаттаманы жүргізу мен есептілікті; еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білуге тиіс.

      91. Біліктілік талаптары:

      мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі: құрылыс немесе азаматтық құрылыс, су шаруашылығы құрылысы, жерге орналастыру, су нысандары инженериясы; су шаруашылығы жобаларында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі болуы.

20-параграф. Топырақтанушы

      92. Лауазымдық міндеттері:

      аумақтардың топырақтарын зерттеу бойынша жұмыстарды орындайды;

      топырақ контурының шекараларын, топырақтың негізгі сипаттамалары мен қасиеттерін анықтайды;

      бейіндік үлгілерді, қышқылдық пен тұздылықты анықтауға арналған үлгілерді алуды орындайды;

      жоспарлы-картографиялық материалдар кешенін, топырақ очеркін, аналитикалық жоспарды құрады;

      жерлерді түбегейлі жақсарту, топырақтың әлеуетті құнарлылығына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және тыңайтқыштарды қолдану бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      технологиялық регламенттердің, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі заңнама талаптарының, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      далалық топырақ-мелиорациялық жұмыстарды дайындайды және жүргізілуін ұйымдастырады;

      учаскелік қызметтер ұсынатын далалық материалдардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

      далалық топырақ-мелиорациялық жұмыстарды жүргізуге қатысады;

      аудан бірлестігі мен шаруашылықтарында ұйымдастырушылық-технологиялық басшылықты жүзеге асырады;

      шаруашылықтарда топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      қызмет көрсететін аймақтың ауыл шаруашылығы алқаптарын агрохимиялық зерттеп-қарауды ұйымдастырады, талдау үшін топырақ үлгілерін алуға қатысады;

      талдаулардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

      ғылыми жетістіктерді, озық тәжірибені және топырақты талдаудың жаңа әдістерін зерттейді және өндіріске енгізеді;

      еңбекті ғылыми-техникалық ұйымдастыруды енгізуге, еңбекақы төлеу туралы қолданыстағы ережелерді тиімді қолдануға ықпал етеді;

      белгіленген құжаттаманы жүргізу, есепке алу және есептілік;

      шаруашылықтармен шарттар жасасуға, өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге, агрохимиялық картограммаларды жасауға қатысады;

      қоршаған ортаны қорғау ережелері, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      далалық топырақтық жұмыстардың уақытында және сапалы орындалуын, сондай-ақ олардың камералдық өңделуін қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      93. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, суармалы жерлер мен далалық зерттеулерге мониторинг жүргізу әдістері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау қағидалары мен нормаларын білуге тиіс.

      94. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары санатты топырақтанушы: өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санатты топырақтанушы: өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      II санатты топырақтанушы: өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      санаты жоқ топырақтанушы: өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

21-параграф. Химик

      95. Лауазымдық міндеттері:

      топырақ пен суға зертханалық талдау жүргізеді, зерттеу нәтижелерін өңдейді;

      зерттеулер, экспресс-талдаулар жүргізуді ұйымдастырады, жаңа әдістерді сынақтан өткізеді, зертханалық қондырғылар мен жабдықтарды жұмысқа дайындайды;

      ішкі құжаттаманы, журналдарды, сынамаларды сынауды, жұмыс журналдарын, сынақ хаттамаларын жүргізеді;

      аккредиттеу шарттарының талаптарына сәйкес сынақтардың уақтылы, сапалы және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді;

      сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын сақтайды;

      оған бекітілген жабдыққа қызмет көрсетеді, сынақ жүргізу кезінде жабдықтар мен өлшеу құралдарының жарамдылығын бақылайды;

      орындалған зерттеулердің нәтижелері бойынша есептер жасауға қатысады;

      аккредиттеу талаптарына сәйкес зертхана сынақтарын уақытында, сапалы және сенімді орындауға жауапкершілік артады.

      96. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңын;

      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сынақ зертханаларына қойылатын техникалық реттеу мен аккредиттеудің негізгі ережелері мен талаптарын, сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдарын, оларды пайдалану қағидаларын, қоршаған орта нысандарына және оларды сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттардың талаптарын, жеке қорғану құралдарымен жұмыс істеу қағидаларын, сынау нәтижелерін өңдеу, ресімдеу, зертханалық зерттеулер жүргізу әдістері бойынша нормативтік, әдістемелік және басқа да басшылық материалдар, кеңестер мен нұсқаулықтар, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын білуге тиіс.

      97. Біліктілікке қойылатын талаптар.

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты химик: жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты химик лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санатты химик: жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және екінші санатты химик лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      II санатты химик: жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ химик лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      санаты жоқ химик: жоғары білім (және (немесе) бакалавр, магистратура, философия PhD докторы, бейіні бойынша доктор) және химия мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

22-параграф. Эколог

      98. Лауазымдық міндеттері:

      мониторинг нысандары бойынша жылдық жұмыс жоспарларын дайындауға қатысады;

      мелиорациялық зерттеу жүргізуге қатысады;

      суармалы жерлердің ирригациялық-шаруашылық жағдайларын зерделейді, тыңайтқыштар мен қорғау құралдарын қолданудың мелиорациялық іс-шараларына бағалау жүргізеді;

      топырақ, жерүсті және жерасты суларына зерттеулер жүргізеді, олардың ластану себептерін анықтайды;

      суармалы жерлерде жағымсыз инженерлік-геологиялық процестердің дамуын бағалауға қатысады;

      геоэкологиялық зерттеулер, экспресс-талдаулар жүргізуді, жаңа әдістерді сынақтан өткізуді, аспаптар мен жабдықтарды жұмысқа дайындауды ұйымдастырады;

      қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      бақылау нәтижелеріне камералдық өңдеуді жүргізеді;

      картографиялық материалдар мен тақырыптық есептерді жасауға қатысады;

      геоэкологиялық бақылаулар мен зерттеулер жүргізу кезінде нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      далалық іздестіру жұмыстарын уақытында және сапалы орындауға, олардың камералдық өңделуін жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге жауапкершілік артады.

      99. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының Су кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексін;

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін;

      Қазақстан Республикасының Жер кодексін;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды;

      100. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары санатты эколог: (экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, биология, химия, геоэкология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      I санатты эколог: (экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалану, биология, химия, геоэкология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;

      II санатты Эколог: (экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, биология, химия, геоэкология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;

      Санаты жоқ эколог:

      (экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, биология, химия, геоэкология) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

3-тарау. Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

      101. Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына қосымшада көрсетілген.

  Су шаруашылығы
ұйымдарының басшылары мен
мамандары және басқа да
қызметшілері лауазымдарының
алфавиттік көрсеткішіне
қосымша

Су шаруашылығы ұйымдарының басшылары мен мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

№ р/с

Басшылар лауазымдарының атауы

Бет №

1.

Бас агроном-агрохимик

2 – 4

2.

Бас геофизик

4 – 5

3.

Бас гидрогеолог

5 – 6

4.

Бас гидротехник

6 – 7

5.

Бас экономист

7 – 8

6.

Негізгі қызметтердің бас инженері

8 – 9

7.

Облыстық маңызы бар РММ бөлімінің басшысы

9 – 10

8.

Су саласындағы ұйымның (филиалдың) басшысы

10 – 12

9.

Су саласындағы ұйым (филиал) басшысының орынбасары

12 – 14

10.

Су саласындағы ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің басшысы

14 – 16


Қызметшілер лауазымдарының атауы


1.

Агрохимик

16 – 18

2.

Бұрғылау жұмыстарының шебері

18 – 19

3.

Бұрғылау технигі

19 – 20

4.

Геодезист

20

5.

Гидрогеолог

20 – 21

6.

Гидрогеолог-технигі

22

7.

Гидротехник

22 – 24

8.

Гидротехник-технигі

24 – 25

9.

Гидролог

25 – 26

10.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер

26 – 27

11.

Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман

27 – 29

12.

Инженер-бағдарламашы

29 – 30

13.

Инженер-геофизик

30 – 31

14.

Инженер-топограф

31 – 32

15.

Комендант

32

16.

Қойма меңгерушісі

32 – 34

17.

Механик

34 – 35

18.

Су ресурстары мен суды пайдалану жөніндегі маман

35 – 36

19.

Техник-құрылысшы

36 – 37

20.

Топырақтанушы

37 – 39

21.

Химик

39 – 40

22.

Эколог

40 – 41

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады