"Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қатені түзеу

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 51 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 164-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Осы қаулыға қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың Тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.

      4."Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы "___"_________
№___ қаулысына қосымша

"Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Маңғыстау облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрілер және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, №1-ғимарат.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;

      2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;

      4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз функцияларын жүзеге асыру үшін құзыреті шегінде сұрау салулар жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды алу;

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;

      Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

      Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.

      15. Атқарылатын функциялары келесіге бөлінеді:

      Стратегиялық функциялары:

      1. бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2. отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді үйлестіру;

      3. білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының бала асырап алу, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

      4. жыныстық тәрбие және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      5. жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру және үйлестіру;

      Реттеуші функциялары:

      1. мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

      2. балалардың құқықтарын қорғау бойынша білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      3. үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;

      4. балалар еңбегі, балаларды сату, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша білім бөлімдерінің қызметін үйлестіру және мониторингілеу;

      5. қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін және өзара іс-қимылын үйлестіру;

      6. адам және бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен, Балалар құқықтарын қорғау комитетімен, ҮЕҰ-мен және аумақтық органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      7. зорлық-зомбылық пен бейбітшіліктің алдын алу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;

      8. зорлық-зомбылыққа, буллингке, кибербуллингке ұшыраған балаларға көмек көрсету;

      9. психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметін үйлестіру, олардың біліктілігін арттыру;

      10. балалар жарақаттануының қауіпсіздігі мен алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіру

      Іске асыру функциялары:

      1. жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету;

      2. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін және қиын өмірлік жағдайда балаларға арналған жағдайларды қамтамасыз ету.

      Бақылау функциялары:

      1. кәмелетке толмағандарды өмірлік қиын жағдайда бақылау, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;

      2. әлеуметтік осал балалардың жағдайын бақылау және мониторинг, қолдау шараларын үйлестіру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

      3. дағдарыста балаларға шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру;

      4. психологтар мен әлеуметтік педагогтардың қызметін жүйелі талдау;

      5. ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын тағайындау және босату;

      6. ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

      7. заңнамада көзделген өзге де функциялар.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      16. Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы Басқармаға басшылықты жүзеге асырады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшылары мен орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      7) келісімшарттар жасасады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) банктік шоттар ашады;

      10) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

      13) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;

      14) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады