"Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 198-қ (2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
3. "Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арал ауданының әкімі | А. Оңғарбаев |
| Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 3-қ қаулысына қосымша |
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Қызмет алушылардың түрлері |
Күніне 1 қызмет алушының тарифі |
Кіші белгі | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Үйде қызмет көрсету | Мүгедектігі бар және егде жастағы ересек адамдар | 3792,22 |
Психоневрологиялық аурулары бар ересектер | |||
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар | |||
Психоневрологиялық патологиясы бар балалар | |||
2 | Жартылай стационар | 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар балалар | 10273,69 |
1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар | 12239,24 |
