Приозерск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 45/353 шешімі

      Қазақстан Республикасы "Экологиялық кодексінің" 365 бабының 4 тармағы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Приозерск қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Приозерск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Исатаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________А.Қ. Қасқатаев

      "28" қыркүйек 2026 жыл

  Приозерск қаласы мәслихатының
2026 жылғы 28 қыркүйек
№ 45/353 шешіміне қосымша

Приозерск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын нысандар

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,78

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,83

3

Жатақханалар

1 орын

0,89

4

Қонақ үйлер

1 орын

1,44

5

Балабақшалар

1 орын

0,57

6

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

1,06

7

Емханалар

1 бару

0,0086

8

Ауруханалар

1 төсек-орын

1,09

9

Мектептер

1 оқушы

0,76

10

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi

1 отырғызу орыны

1,45

11

Кинотеатрлар, концерт залдары

1 отырғызу орны

0,25

12

Спорт, би және ойын залдары

жалпы ауданның 1 шаршы метрі

0,24

13

Азық-түлік дүкендері

сауда ауданның 1 шаршы метрі

1,73

14

Өнеркәсіптік тауарлық дүкендер

сауда ауданның 1 шаршы метрі

0,32

15

Супермаркеттер

сауда ауданның 1 шаршы метрі

1,1

16

Базарлар

сауда ауданның 1 шаршы метрі

0,65

17

Жағажайлар

жалпы ауданның 1 шаршы метрі

0,12

18

Дәріханалар

сауда ауданның 1 шаршы метрі

0,84

19

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанар май құю станциялары, гараждар

1 машина-орны

2,41

20

Автомобиль шеберханалары

1 жұмыскер

2,12

21

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,15

22

Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы ауданның 1 шаршы метрі

0,62

23

Аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы ауданның 1 шаршы метрі

1,31

24

Жөндеу және қызмет көрсету орындары

1 жұмыс орны

1,31

25

Моншалар, сауналар

жалпы ауданның 1 шаршы метр

1,22

26

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,0091


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады